Құқық қорғау органдары

((«Мас жүргізуші- қылмыскер» республикалық акциясы аяқталды

«Мас жүргізуші- қылмыскер» республикалық акциясы шілденің 25-і мен 27-сі аралығында өткізілді.

Венера Тайжанова – СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы

– Бұл шараға 428 қызметкер жұмылдырылды. Солардың 175-і жол патрулдік полициясының қызметкерлері.

Тәртіп сақшылары 3 күн ішінде жол ережесін бұзған 1091 солтүстікқазақстандық жүргізушіні анықтапты. Солардың 72-сі жылдамдықты арттырса, 183-і ұялы телефонмен сөйлескен. Тағы 17 көлік иесі жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қауіпсіздік белбеуін тақпаған 269 жүргізушіге хаттама толтырылды. 19 жүргізуші қарсы бағыттағы жолға шығып кетсе, 135-і өзге де заңбұзушылықтарға бой алдырған.

Венера Тайжанова – СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы

–  Ерекше назарға көңіл көтеру ошақтарының маңы алынды. Шараның басты мақсаты жол көлік оқиғаларының санын азайтып, жүргізушілерді ескерту болды.

Ащы суға тойып алып, темір тұлпарды тізгіндегендер де табылды. Ондай есерсоқтардың саны – 67. Мұндай жүргізушілерге қатысты іс сотқа жіберілді. Қолмен істегенді мойынмен көтер демекші, қалғандары тиісті заңбұзушылықтарға қатысты жазаланатын болады.

 

Магжан Ахмадина.