Спорт

Кросс-биатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді

Сафия Телеубаева – биатлоннан Қазақстан Республикасының мемелекеттік бапкері

– СҚО-да қысқы спорт түрлері өте мықты қарқында дамуда. Алайда биатлонның алға басуына әлі де болса қаражылай көмек көрсету қажет. Дәл қазір жарысқа биатлон жақсы жолға қойылған 7 аймақтың алтауы сынға түсуде. Споршылардың барлығы болашағынан үміт күттіреді.

Аталмыш шараға ұлттық құраманың бапкері Маркус Фишердің қатысуы керек болатын. Алайда оқыту-жаттығуға кетіп қалуына байланысты өңірімізге келе алмады.

Сергей Пермин – олимпиада резервін даярлау орталығының директоры

– Қазіргі таңда бұл спорт түрін жандандырудамыз. Жаңадан жас таланттар пайда болуда. Біздің 8 жерлесіміз ұлттық құраманың сапында түрлі жарыстарда ел намысын қорғайды. Бүгінде көптеген спортшыларымыз олимпиада ойындарына қатысады деген үміттеміз.

Бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен мықты деген 100-ге тарта жасөспірім жиналған. Солтүстік өңірдің намысын 23 биатлоншы қорғамақ.

Денис Чуманов – СҚО құрамасының биатлоншысы

– Бұл жарысқа мықтылап дайындалдық. Турнирдің өңірімізде алғаш рет өтуіне байланысты жаттығуды бір сәтке де тоқтатқан жоқпыз. Сайыстан тек жеңісті күтемін.

Жарыс басталысымен жерлестеріміз алға суырылып қарсыластарына озып кетуге еш мүмкіндік бермеді. Сонымен сайыстың қорытындысы бойынша мәреге алғашқы болып петропавлдық Сергей Щербоков келді. Ол 1300 және де 70 метрлік айып шеңберін қоса есептегенде ұзындықты бағындыруға 16 минут уақыт жұмсаған. Ал Денис Чуманов қарсыласына 19 секунд есе жіберіп, екінші орынды қанағат тұтты. Үздік үштікті қарағандылық Владимир Трубкин тұйықтады. Доданың соңғы күні шілденің 29-ында Борки кентінде өтеді.

 

Риат Шони.