Балалар

“Өзіңді түсін” атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды

Кейін әр баламен психолог ойын түрінде түрлі жаттығу сабақтарын өткізді. Баланың мұғаліммен ата-анасымен, құрбы-құрдастарымен өзара қарым-қатынасының дұрыс болмауы – соқпақты дейді психолог маман.

Александр Гакштетер – СҚО Жастар бастамалары орталығының психологы

– Бүгінгі психологиялық әңгіме барысында әр баланың ойын еркін жеткізіп, ашылуына жәрдемдесеміз. Бұл жастағы балалар көбінесе жаман әдет-қылықтарға тез бейімделіп кетеді. Сондықтан да оның алдын алу үшін осы тренингтің пайдасы зор деп есептеймін. Бұл алғашқы оқу барысы, ал қалған 5 тренингте ойындар өткізіп, артынша әр баланың мінез-құлқы бойынша қорытынды шығарамыз.

Орталық мамандары дәл осындай психологиялық жұмыстар білім деңгейі төмен, сабақтан көп қалатын, адамгершіліктен жұрдай жасөпірімдердің өмірге деген көзқарасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді деп отыр.

Данияр Әбутәліпов – СҚО Жастар бастамалары орталығының директоры

 

– Осы жасөспірімдермен бірінші рет өткізіп жатырмыз. Негізгі мақсатымыз – бұл әрине өмірлік ұстанымын, мінез-құлқын дұрыстау үшін, болашақта үлкен қызметте жұмыс істеу үшін, еліміздің азаматы болуы үшін осындай психологиялық тұрғыда, жазғы демалыста бірнеше семинар-тренинг өткізу мақсатымыз болып отыр.

Жалпы облыс бойынша ювеналдық полицияда тәртібіне байланысты 216 бала тіркеуде тұрса, 371-і отбасылық жағдайы төмен жанұя есебінде. Тек биылдың өзінде Петропавлда жасөспірімдердің қатысуымен 586 құқықбұзушылық анықталыпты.

Бақыт Сәдуақасов.