Балалар

Петропавлда “Жас флорист – 2014” байқауы өтті

Сабина Марат – Қожаберген жырау атындағы №6 мектеп оқушысы

–  Біз өзіміздің мектебіміздің алдында әр түрлі гүлдер өсіреміз. Сол гүлдерден мен осындай әдемі “Жаз көркі” деп аталатын гүл шоғын жасадым.

Жалпы байқауға қала мектептерінің 20 оқушысы қатысуда. Бұндай сындар 2 жылда бір рет ұйымдастырылып тұрады. Ал Жас натуралистер станциясында гүлдерді әсемдеу өнері тегін, және де аталған ортада қазірдің өзінде 735 жас флористер тәлім алуда.

Ғалым Темірбеков – СҚО Петропавл қаласы Жас натуралистер станциясының директоры

– Конкурстың басты мақсаты өсіп келе жатқан жастарға табиғатты сақтай білу, осы жасыл өсімдіктерді күтуді үйрету мақсатында өткізіп отырмыз

“Жас флорист – 2014” байқауы 4 кезеңнен тұрады. Алғашқысы – үй тапсырмасы. Қатысушылар өздерінің жасаған туындыларын әділ-қазыларға көрсетеді. Одан кейін жас флористер флора әлеміне білімдерін тестік тапсырмалар арқылы тексереді. Сонымен қатар қазылар тарапынан да тапсырамалар болды. Олар жасөспірімдерге ең керекті заттар мен ленталар беріп, гүлшоғын жасауды ұсынды. Ал конкурс бақта өткен тәжірибеде білімді тексерумен аяқталды.
Байқаудың қорытындысы бойынша “Тест тапсырмасы” номинациясында Жас натуралитер станциясы, “Үй тапсырмасында” №4 орта мектебі үздік атанды. Жеңімпаздар ақшалай сыйақы мен димпломдарға ие болды.

Риат Шони.