Қоғам

Өңірімізде салынып жатқан құрылыс нысандары артқан

Валерий Хренов – “Основание” ЖШС кірпіш қалаушысы

– Қазір біз пәтер ішіндегі бөлме аралықтарын жасап жатырмыз. Оны пеноблок пен гисокартоннан қаптаудамыз. Жұмыс бір уақытқа да тоқтаған емес. Қысы-жазы нысандарды тұрғызып жатырмыз. Кірпіш қалаушы болып қызмет атқарып жүргеніме біраз жылдың жүзі болды. Жұмысым өзіме ұнайды.

Келесі аптада тас қалаушыларға сылақшылардың бригадасы қосылмақ. Салынып жатқан нысанның бір ерекшелігі сатып алушылар пәтерлерін өз талғамдары бойынша жобалай алады.
Яғни, баспаналарды сатып алушы оны өз қалауымен жөндеп, әрлейді. Компания мұндай шешімге келмес бұрын құрылыс саласындағы сараптамалық кеңестің зерттеуін негізге алған. Кеңестің төрағасы “Основание” серіктестігінің директоры Сергей Тимовеев бұл заман талабы дейді.

Сергей Тимофеев, СҚО құрылыс саласындағы сараптамалық кеңестің төрағасы, “Основание” ЖШС директоры

– Жаңа заңға сәйкес үйді әрлемей тапсыра алмаймыз. Алдыкүні бұл мәселені сараптау кеңісінде көтеріп, өзіміздің ұсынысымызды айтқан болатынбыз. Егер де бұл шаруа оң шешімін тапса, көпқабатты үйді осы жылдың желтоқсан айында тапсырмақ ойымыз бар.

Қазіргі таңда құрылыс саласында шешімін күткен өзекті мәселелер жетерлік- дейді Сергей Тимофеев. Біріншіден инженерлік жүйелердің бірегей кадастрының болмауы, оның үстіне жобалаушыларыдың жұмыстары да сапасыз болып кеткен.

Сергей Тимофеев, СҚО құрылыс саласындағы сараптамалық кеңестің төрағасы, “Основание” ЖШС директоры

– Құрылысшыларды алаңдататын бір мәселе бар, ол ұй құрылысының жобалық-сметалық құжаты болып отыр. Өйткені олардан кеткен қателікті қайта түзетуге тура келеді.

Бұл нысан “Основание” серіктестігінің несиелік қаржысына салынып жатыр. Бизнес кешеннен бөлек компания мемлекеттік бағдарламалар бойынша Петропавл қаласы мен өңір аудандарында бірқатар нысандарды көтеріп жатыр.

Сергей Тимофеев – СҚО құрылыс саласындағы сараптамалық кеңестің төрағасы, “Основание” ЖШС директоры

– Біздің серіктестігіміз Смирново елді-мекенінде 250 орынға шақталған емхана салып жатыр. Егер де барлық шаруа уақытылы жүрсе, нысанды осы жылдың қазан айында тапсырамыз деп отырмыз. Оған қоса облыс орталғындағы “Береке” шағын ықшам-ауданында да үй салуды бастап кеттік.

Комания 36 пәтерлі тоғыз қабатты үйді ағымдағы жылы халықтың игілігіне тапсырамыз деп отыр.

Бакыт Садуакасов.