Мәдениет

Өнерліге өріс кең

Елена Кричиневская, №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің музыка пәнінің мұғалімі

– Қыздарым бірінші кезекте еңбекқор, музыкаға қабілетті. Екеуі композицияны орындағанда бір- бірін толықтырып тұрады әрі бірін-бірі жақсы түсінеді.

Жас өнерпаздар жақында Моцарттың елінде өткен халықаралық байқауға қатысып келді. Оған дарынды деген 40-қа жуық үміткер қатысқан. Өнер сайысында олар пианинадан бөлек, домбыра, фортопиано және көптеген аспаптарда ойнаған. Жалпы Ангелина мен Виолетта үшін бұл қол жеткізген ең ірі жетістігі екен.

Виолетта Кромина, №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің оқушысы

– Алғашында біз Ангелина екеуіміз үлкен мәрмәр залында өнер көрсеткенде қатты қобалжыдық. Сонда біз ұстазымыздың айтқан сөзін есімізге түсіріп, Моцарттың 2 бірдей шығармасын көрермендер ләзат алсын деп ойнадық. Кенет барлығы орындарынан тұрып, ұзақ қол соқты. Бұл біз үшін ұмытылмас сәт болды.

Ангелина Онищенко,№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің оқушысы

– Біз Вилолетта екеуіміз 3 шығарма орындадық. Оның екеуі Моцарттың туындысы болды. Сондықтан болар жерлестері оны үлкен ықыласпен тыңдады. Тіпті бізді сахынадан жібермергілері келмей, шығарманы тағы орындауымызды өтінді.

Халықаралық дәрежедегі майталмандардың ыстық ықыласына ие болған солтүстікқазақстандық жас өнерпаздар болашақта өмірлерін музыкамен байланыстырмақ. Олар осы байқаудан кейін Челябі қаласындағы музыкалық училишеге оқуға шақырту алыпты. Бірақ армандары 4 жылдан кейін ғана жүзеге аспақ.

Берик Касен.