Қоғам

Облыс соттарының бірінші жартыжылдықта атқарған жұмысы

Бақыт Қасейінов – СҚО сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы

– 1049 іс бойынша өндіріс қысқартылса, олардың ішінде 182 іс бойынша бітімгерлік келісім жасалды. Сонымен бірге, медиация институтын енгізу жұмысын жандандыруға байланысты облыс соттары 50 істі медиаторлардың қатысуымен қарады. Салыстырмалы түрде алсақ, 2013 жылы тек 1 ғана іс қаралған болатын.

Ал, қарастырылған әкімшілік істердің саны – 8 134. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының төрағасы Асламбек Мерғалиевтің айтуынша биыл қылмыстық істер бойынша сапалы жұмыс атқарылды дейді. Мәселен, былтыр 12 үкім бұзылған болса, биыл 7 шешім өзгертілген екен.

Асламбек Мерғалиев – СҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы

– Жалпы, соттарға келіп түскен істер саны былтыр 1030 болатын болса биыл бұл сан 650-ден астам. Олардың 98 пайызы күшінде қалып, өзгеріссіз өтіп жатыр, яғни облыстық сотта өзгертілген үкімдер саны биыл азайды.

Бүгінде өңірде бұл салада 100-ге жуық адам қызмет етеді. Айта кету керек, олар ҚР судьяларының 6-шы съезінде Елбасы белгілеген міндеттерді орындауда.

– Жиын барысында Жоғарғы соттың судьясы Дәулен Нұралиев облыс судьяларына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Оның ішінде сотқа деген халықтың сенімін арттыру міндеті бар. Д. Хамзина, М. Казначеев – МТРК

Данаш Хамзина.