Қоғам

Кезекті контрафактілі тауардың көзі жойылды

Ирина Антощенко- СҚО сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің мемлекеттік сот орындаушысы

– Біз сот қаулысы және арнайы комиссия шешімімен жойылуы тиіс тауарлардың көзін құртамыз. Кей заттарды комиссия мүшелері аукционға қояды. Сонда сатылмай қалған нәрселер осында әкелінеді. Бұл жолы ағаш көмір, кассалық апараттар, жүйелік блоктарсол акуциондарда сатылмай қалды. Сондықтан көзі жойылып жатар.

Ал кәсіпкерлерден тәркіленген арақ- шарап өнімдерінің көбінің лицензицясы жоқ.

Дәурен Шалабаев- Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы

– Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының мамандары жүргізген тексеріс жұмыстары барысында жыл басынан 21 әкімшілік заңбұзушылық тіркеліп, 2 млн теңгеден астам айыппұл салған. Ал бүгін кәсіпкерлерден тәркіленген арақ- шарап өнімдерінің 507 бөтелкесінің көзі жойылады. Оның құны 160 мың теңгеден асты.

Енді мына күмән тудыратын өнімдер ешбір дүкен сөрелерінде табылмайды. Өйткені олар ауыр техниканың көмегімен жермен жексен етілді.

Айта кету керек, бұл жыл басынан бері контрафактілі тауарлардың көзін жою бойынша өткізіліп отырған осындай 4- ші шара.

Магжан Ахмадина.