Балалар

Студенттер дебат ойындарына машықтануда

Олжас Елжанов – “Парасат” пікір-сайыс клубының дебатері

– Дебат – интелектуалдық пікір-сайыс, өз ойынды анық, әсерлі, нақты түрде дәлелдеуге баулиды. Өткізіліп отырған шеберлік сыныбы арқылы мен солтүстікқазақстандық жас дебатшыларды сөз саптау шеберлігіне, ойын еркін жеткізе білуге үйретпекпін.

Одан соң жас дебатшылар ойын арқылы түрлі тапсырмаларды орындап шықты. Жас та болса, өз ойын анық жеткізетіндердің қатарында Диана Төлепова да бар. Бойжеткен пікір-талас сайысына бір табан жақын екен. Мектеп қабырғасында оқып жүргеннен-ақ шешендік өнерге қызығушыық танытқан.

Диана Төлепова – шеберлік-сыныбына қатысушы

– Дебатқа мен өзі мектеп қабырғасынан қызығушылығым бар болған. Енді әрі қарай оны алып кетемін деп ойлаймын. Бүгінгі шеберлік сыныбында біздерге дебатта өзімізді қалай ұстауға, өзіміздің ойымызды қарама-қарсы командаға дұрыс түсіндіруге және де ойларыңды нақытылауға, алдыңа қойған мақсатты түсінуге, соны басқаларға жеткізуге үйретеді.

Жалпы дебат жайындағы шеберлік-сыныбы 3 кезеңді қамтиды. Ал шеберлік-сыныбының 2-ші кезеңі қыркүйек айында өтетін болады.

Бакыт Садуакасов.