Қоғам

“Мықты бизнес – қуатты мемлекет” партиялық жобасы аясындағы жиын

Болат Рахимов – “Петропавловск-Норд” ЖШС директоры

– Бүгінде біздің тапқан табымысыз кетіп жатқан шығындарды жабуға шақ келмейді. Қаражаттың жетіспеушілігінен жұмысшылардың жалақысын көтеруге, сапалы қызмет көрсетуге мүмкіншілік жоқ. Сол себепті, сіздерден біздің жағдайымызды түсініп, тарифтің қосылуына септесулеріңізді өтінер едім.

Мәселе, әрине, жиын барысында қызу талқыға түсті. Бұның алдағы уақытта оң мен солы таразыланып, жіті қарастырылмақ.
Жалпы, өтіп жатқан жиынның мақсаты шағын және орта бизнесті қолдау болып табылады. Мұнда жолаушы тасымалынан басқа құрылыс саласына қатысты мәселелер де көтерілді.

Владимир Витченко – “Нұр Отан” партиясының Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

– Басты міндет – туындаған сұрақтарды талқылап, оны шешуге тырысу. Кейін эксперттік топтың аталған мәселелер бойынша жұмыс істеуіне ұсыныстар білдіру.

Айта кету керек, бұл – “Мықты бизнес-қуатты мемлекет” атты партиялық жобаның аясында өңірде өткен алғашқы жиын.

Данаш Хамзина.