Құқық қорғау органдары

Петропавлда жыл басынан бері жасөспірімдер тарапынан 586 заңбұзушылық орын алған

– Вы знали, что закон есть: недопущение нахождения несовершеннолетних после 23 часов вне жилища без законных представителей? – Да, знала. – А почему вы в позднее время суток ходите одна? – Нет, я сейчас привезу из деревни маму и пойду с ней гулять, да?

Осындай олқылықтарға жол бермеу үшін кешкілік рейдтер жастар шоғырланған жерлерде күн сайын жүргізіледі.

Айнұр Тасболатова – Петропавл қаласы ІІБ ювеналдық полиция инспекторы

 

– Шілденің 17-19-зы аралығында Петропавл қаласының аумағында “Маскүнемдік, нашақорлық және оның салдары” атты жедел іс-шарасы өткізілуде. Басты мақсаты – кәмелет жасқа толмаған балалардың түнгі уақытта ата-аналарсыз жүруі және олардың маскүнемдігінің алдын алу.

Жалпы, қалалық ІІБ-ның әкімшілік полиция қызметкерлері берген статистика мынадай: Петропавлда соңғы алты айдың ішінде кәмелетке толмағандар 586 заңбұзушылық жасаған. Тәртібі нашарлардың есебіне алынғаны – 216 жасөспірім. ҚР әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіндегі жасөспірімдердің заңды өкілдерісіз 23.00-ден таңғы сағат 6-ға дейін жүруіне тыйым салатын 334-бап бойынша ата-аналар ескертілуі қажет. Бірақ, заңға екінші рет құлақ аспаған жағдайда жеткіншектің әке-шешесіне 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуіне тура келеді. Қазір ювеналдық полицияның есебінде тұрмысы нашар 371 отбасы есепте тұр. Тәртіп сақшылары олармен жиі кездесіп, кеңесіп тұрады.

Данаш Хамзина.