Қоғам

Өңірде алты айда 158 өрт оқиғасы тіркелді

Аян Құсайынов – Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасының инженері

– Жарты жылдың ішінде Петропавл қаласында 158 өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жаудың салдарынан 13 адам көз жұмды. Оның 2-уі бала. Одан 26 млн,теңгенің шығыны келді. Құны 108 млн. теңге болатын материалдық құндылықтар құтқарылды.

Бұл жолы құтқарушылар былғары зауыты ауданындағы үйлерді аралап, тұрғындармен кездесті. Тәжірбие көрсеткендей, 70 пайыз өрт оқиғалары жеке секторларда орын алады. Тұрғындар әсіресе үй пешін пайланауда өрт қауіпсіздігі ережесін жиі бұзатын көрінеді. Осының кесірінен жыл басынан облыс орталығында 31 өрт оқиғасы тіркелген.

Аян Құсайынов – Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасының инженері

– Жаз мезгілінің басталуымен байланысты, тұрғындар орман алқаптарына демалуға шығады. Сондықтан да мұқият болып өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек екендігін ескертемін. Өйткені өшірілмеген түймедей ғана темекі тұқылы мен сіріңкеден түйедей орман өрті шығатынын әлі күнге дейін сезіне бермейді.

Жаздың аптап ыстықтарында өрт орман мен тоғайларда жиі орын алады. Төтенше жағдайлар басқармасы инженерінің айтуынша, оның 95 % адамдар кінәсінен болады.

Берик Касен.