Билік

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Есіл ауданында

Владимир Чубыкин- «Егін» ЖШС бас директоры

– Бүгіндері біз жылына 2700 тонна макарон өнімдерін шығарамыз. Тауарларымыз Орталық Азия, Ресей және ел аумағында кеңінен танымал. Келешекте автоматтандырылған желіні іске қосуды жоспарлаймыз.

 

Серіктестік жұмысымен танысқан өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов, кәсіпорын басшысына еңбеккерлердің жалақысын көбейтіп, аумақты аббаттандыру шараларын қолға алуды тапсырды. Кейін облыс әкімі құрылысы жүргізіліп жатқан Явленка ауылындағы 250 орынға шақталған емханада болды. Мұндағы шаруалар 2012 жылы басталыпты. Оның құрылысына 1 млрд 400 млн теңгеден астам қаржы бағытталған. Нысан ағымдағы жылдың тамыз айында тапсырылуы тиіс болатын. Алайда мердігер компания белгіленген уақытта жұмысты тындырмаған. Сондықтан аймақ басшысы Ерік Сұлтанов, құрылысқа қарқын қосуды ескертті.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Конституция күні салтанатты түрде емхананы ашып, мемлекеттік комиссия актісіне қол қою қажет. Қондырғыларды қойып, қызметкерлерді жұмыспен қамту керек.

Бұдан соң өңір жетекшісі Есіл ауданы Заградовка елді- мекеніндегі «Прометей- Агро» ЖШС барды. Кәсіпорын ауданда алғашқылардың бірі болып жылытуға арналған электроқондырғысын пайдалана бастаған. Қазандықтың қуаттылығы сағатына 180 киловат. Ол егіс қалдықтарының арқасында жұмыс жасайды.

Юрий Шоль- «Прометей- Агро» ЖШС директоры

–  Біз зығырды пайдаланамыз. Ол сабанның артықшылығы егіс алқабында шашылып қалмайды. Үлкен бумаға орап, пешке саламыз. Күніне 200-300 кг жұмсалады. Барлығы автомматандырылған 1 қызметкер оны іске қосады. Экологиялық таза, оның үстіне біз қазір үлкен үнемділікті сезініп отырмыз.

Келесі ретте өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов аудан активімен кезесіп, Есілдіктердің әлеуметтік- экономикалық даму деңгейінен құлағдар болды. Әрине атқарылған шаруа аз емес, бірақ алда әлі тындырылатын істер де жетерлік. Үдемелі индустриалдық инновациялық даму бағдарламасы аясында аудан бойынша өткен бес жылдықта тек бір жоба ғана индустриаландыру картасына енген. Қазір тағы біреуі дайындалуда. Ол Есіл ауданына қарасты Бұлақ ауылындағы алтын өндіретін кәсіпорын. Осы ретте аймақ басшысы бағалы металлды өндіру ісі қолға алынса, онда жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылуы керек деді.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Мен өткен аптада өндіріс орнында болдым. Біз желтоқсан айына дейін өндірісті іске қосамыз. Биыл 244 кг алтын шығару жоспарланған. Келешекте өндіріс ауқымы ұлғаяды. Кәсіпорын кеңейеді, сол уақытта жұмыс орындары пайда болады. Сондықтан жақын маңдағы ауыл тұрғындарын еңбекке тарту керек. Сол мәселені ерекше қадағалауда болсын.

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінуде, десе де ауылдағы ағайын оларды пайдалануға құлықсыз. Сондықтан болар ауданда бұл салада да ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер жоқ.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

 

– Ағымдағы жылы асыл тұқымды 400 ірі қараға арналған репродуктор құрылуы керек болатын. Бұл жұмыстарда әлі атқарылған жоқ. Аудан басшысы бұл істі қолға алатынын айтты. Шаруа оңға басса жаңа жұмыс орындары ашылады. Ол дегеніміз көптеген солтүстікқазақстандықтар табыспен қамтылады. Сондықтан халықтың жағдайын қарастыру керек.

Қылышын сүйретіп қыс та келе жатыр. Сондықтан өңір жетекшісі әрбір күнді пайдаланып, мал азығын дайындауды тапсырды.

Магжан Ахмадина.