Құқық қорғау органдары

Облыста жыл басынан бері 85 жол-көлік апаты тіркелген

Мәселен, шілденің 22-сінде белгісіз машинада отырған жүргізуші Интернационал көшесімен келе жатып “Лада” автокөлігіне соқтығысады да оқиға орнынан қашып кетеді. Қақтығыстың салдарынан екінші машинадағы жолаушы – 71 жастағы зейнеткер басынан жараланып, облыстық ауруханаға жүгінуіне тура келеді. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері кінәліге құрық кигізді. Ол – қара түсті «Hyundai Accent» көлігін мінген Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта бұзақы жүргізуші ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілген, аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.

 

Ал, шілденің 21-і күні тағы бір азамат Ғ.Мүсірепов көшесінде №5 үйге қарама-қарсы жерде 2 адамды қағып кетіп, ізін жасырмақ болған. Жапа шеккендер 3-ші қалалық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта қылмыскерді іздестіріп жатыр. Олардың шамалауынша жүргізушінің «Mercedes» маркілі күміс түсті көлігі бар. Тіпті, джип машинасы да болуы мүмкін. Егер аталған факті бойынша қандай да бір ақпарат білсеңіз 102 нөмері бойынша хабарласыңыздар.

Данаш Хамзина.