Құқық қорғау органдары

Алаяқтар алдап кетті

–  можно на квартиру мою дочь, она учится и работает в областной больнице. Это же нормально. Я говорю – возьму. Склеить, она берет меня за руку, пульс слушает. О! да вы больная, вам сделали. Я доверчивая, думаю, может, правда

Содан ол дуаның бетін қайтару үшін бір стақан су, жұмыртқа, газет және ең бастысы, үйдегі бүкіл ақшаны беруді сұраған. Бұған сенген зейнеткерлер бар жиған-тергенін алып шаққан.

–  теперь надо их в газету завернуть. Я дала. Они завернули деньги в газеты. Говорят, дайте нитку, через два часа она будет красная и порча уйдет.

Алаяқтар оралған газетті тек 2 сағаттан кейін ғана ашу керектігін айтқан. Бірақ, буманы жайғанда оралғандағы ақша жоқ болып шығады.
Криминалистер қу келіншектерді саусақтарының ізі бойынша анықтаған. Біреу үйінде ұсталса, екіншісі әлі іздестірілуде.

Әлия Жүсіпова, Қызылжар ауданы ІІБ аға тергеушісі

– Алаяқтық фактісі бойынша Қызылжар ауданы ІІБ қызметкерлері жүргізген шұғыл-іздестіру жұмыстары барысында Мағжан Жұмабаев ауданының 41 жастағы тұрғыны ұсталды. Жәбірленуішлердің екеуі де қолға түскен азаматшаны бірден таныды. Ол жасаған қылмысын ішінара мойындап отыр. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 395 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ, Қызылжар және Есіл аудандарының тұрғындарын алдаған отбасылық жұп ұсталды. Олар өздерін электр энергиясын ұсынатын кәсіпорынның қызметкерлеріміз деп таныстырып, артық өтелген төлемақыны қайтарып беруді сұраған. Жасы 30 -дар шамасындағы бейтаныс адамдар ұсақ купюраның жоқтығын айтып, ақшаның сақталған жерін байқау үшін айырманы тиын-тебенмен қайтаруды өтінеді. Алаяқтар арам ойларын үй иелері жалған түбіртектерді толтырып жатқан кездерінде жүзеге асырып отырған. Осыдан кейін олар бірден ауданнан табандарын жалтыратыпты. Алаяқтар Петропавл қаласында ұсталды. Қылмыстарын мойындады, қолды болған қаражаттың жартысы қайтарылыпты. Полиция қызметкерлері тұрғындарға қырағылық танытуды ескертуде.

Данаш Хамзина.