Денсаулық сақтау

2014 жылы 16 солтүстікқазақстандық ішек инфекциясына шалдыққан

Фарида Мұхамеджанова – СҚО тұтынушылардың құқытарын қорғау департаменті инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы

– Сондай-ақ кемірушілер тобы сальмонеллез инфекциясын таратушылар қатарында. Биылғы жылы сальмонелезға шалдыққан 16 адам тіркелді. Ол өнімдерді сақтау талаптарын ұстамаудың салдарынан орын алып отыр.

Сальмонеллез дайын тағам өнімдерінің құрамына да еркін енуі әбден мүмкін. Ауру қоршаған ортада тіршілікке қабілетті бактериялармен қоздырылып, тарайтын көрінеді. Мысалға, ашық су қоймаларында және күнделікті тұтынатын ауыз суда олар 11 күннен 120 күн, ет пен шұжық өнімдерінде 60-130 күнге, тоңазытқышта сақталатын сүтте 20 күнге дейін сақталады.

Фарида Мұхамеджанова – СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы

– Сальмонелланың дамуына қолайлы орта – сүт тағамдары, ет пен салаттар. Сүтте, тартылған етте, жұмыртқа ұнтағында сальмонеллез қоздырғыштары тек қана сақталып қана қоймай, сонымен бірге көбейеді. Олар төмен температураға төзімді, бірақ 500 С жоғары температурада жылдам, ал 1000 С температурада лезде жоғалады. Көңде және нәжісте сальмонеллалар 4 жылға дейін сақталады.

Әрине кез келген инфекциядан сақтанудың қарапайым жолдары бар. Қара малдың еті мен құс етінен тағамдарды әзірлегенде мұқият қуырып, пісірген жөн – дейді мамандар. Ал сүтті тек қайнатқаннан кейін ғана пайдалану керек. Мұндай дертке шалдыққан науқастарды сырт келбетінен анықтау өте қиынға соғады.

Фарида Мұхаметжанова – СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы

– Ауруға шалдыққан адамдардың – алғашында іштері ауырып, құсып, дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Мұнымен бірге жүрек тамырлары, бауыр және де басқа ішкі мүшелер зақымданады. Сіңірі тартылып, артериялық қысым да өзгеріске ұшырайды.

Бұл инфекция түрін емдеу қиын, сондықтан да ауру белгісі байқалған жағдайда дер кезінде дәрігерге көрінген жөн.

Бакыт Садуакасов.