Қоғам

Жеміс-жидек өнімдерін алғанда сақ болыңыз

Гүлшарат Қожатова – СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тағам объектілерін санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы

– Ауыл шаруашылық өнімдерінің өсуін тездету үшін, ерте өнім алу үшін, мол өнім алу үшін, сонымен қатар сыртқы келбетін, тауарлық реңін сол қалыпта сақтау үшін көптеген минералдық тыңайтқыштар қолданады. Егер де осы минералдық тыңайтқыштарды шектен тыс пайдаланған жағдайда, жеміс-жидек, көкеніс, бақша өнімдерінің құрамындағы нитраттың мөлшері қалыпты деңгейден асып кетеді. Бұндай жағдайда, оны пайдаланған жағдайда адамның улануына әкеліп соқтырады.

Нитраты көп жеміс-жидек пен көкөністі үнемі пайдалану қатерлі ісік ауруына шалдықтыратын көрінеді. Сол себепті де өнімді сатып алмас бұрын оның сапалығына аса мән берген жөн. Оған қоса тұтынбас бұрын дұрыстап жуу керектігін де ескертеді. Бастысы жеміс-жидек пен бау-бақша өнімін арнайы сауда орындарынан алуға кеңес береді.

Гүлшарат Қожатова – СҚО тұтынушылардың құқытарын қорғау департаменті тағам объектілерін санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы

– Біріншіден, жеміс-жидек, көкеніс, бақша өнімдерін сатып алған кезде арнайы дүкендерден, базрлардан, сауда орындарынан сатып алған жөн. Өйткені онда өздерінің ведомствалық зертханалары бар, сонда нитратқа тексеруден өтеді. Сонымен қатар олардан жауапкершілік түсірмейді. Қанша дегенмен олар өздеріне жауапкершілік алады.

Мамандар жеміс-жидек өнімдерін пайдаланғанда санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау керектігін айтуда. “Сақтықта қорлық жоқ” деген сөз бекерге айтылмаса керек.

 

Бакыт Садуакасов.