Түмен облысынан келген делегация «Мұнаймаш» АҚ болды

Өнеркәсіп

15:32 22 Шілде 2014

Федор Дмитриев- «Мұнаймаш» АҚ бас инженері

– Биылғы жылы 3,5 млрд теңгенің өнімін шығаруды жоспарлап отырмыз. Ол 8,5 мың сорғыш болмақ. Негізінен тауарларымыз «Қазмұнайгаз» АҚ жөнелтіледі. Бүгіндері ол тапсырыстың жартысына жуығы орындалды. Біз жыл басынан жалпы сомасы 1,2 млрд теңге болатын 4 мың насос жасадық.

Ресейліктер бүгіндері елімізде бизнесті дамытуға жасалып жатқан жағдайларға таңдануда. Сондықтан екі ел арасындағы ежелгі әріптестікті дамыта түсуге ниетті.

Андрей Шальнев- Түмен облысы мемлекеттік кәсіпкерлерді қолдау және инвестициялық саясат департаментінің басшысы, РФ

– Сіздерде мемлекет тарапынан бизнесті қолдауға көптеген жағдайлар жасалған екен. Бізде осындай әдісті қолдануға тырысамыз. Сондықтан тәжірбие алмасу үшін бұл әрине үлкен мүмкіндік.

Айта кету керек, өткен жылы Түмен облысы мен өңіріміз арасындағы тауар айналымы 125 млн долларды құраған.

Магжан Ахмадина.