Бизнес және экономика

СҚО мен Түмен облысының кәсіпкерлері бас қосты

Андрей Шальнев,Түмен облысы мемлекеттік кәсіпкерлерді қолдау және инвестициялық саясат департаментінің басшысы, РФ

– Бүгінде Түмен облыс аумағында 20-дан астам теріскейлік кәсіпорын жемісті еңбек етіп жатыр. Олардың бірлесіп атқарып жатқан ортақ жобалары да бар. Менің ойымша, бұл кездесу бізге 2 ел арасындағы тауар айналымды арттырып, екі жақтың экономикасын алға ілгерілетеді деп сенемін.

Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан қомақты көмек көрсетіледі. Түмендіктер бұл туралы да жиында көптеген ақпарат алды.

Ерлан Әукенов, СҚО әкімінің орынбасары

– 2013 жылы біздің өңір ішкі жалпы өнімнің өсімі бойынша бірінші орынға шықты. Биыл да біз осы бағыттан таймай келеміз. Бұл өңір экономикасының артып келе жатқандығын байқатады.

Жиын соңында СҚО өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Түмен жергілікті қоғамдық ұйымы болашақтағы әріптестікті нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойды. Осылайша олар шекаралас екі облыс кәсіпкелерінің іскерлік қарым-қатынасын дамытпақ ниетте.

Берик Касен.