Қоғам

Петропавлдық шебер қағаздан “Варяг” крейсерін жасады

Айбар Оспанов – шебер

– Менің күрделі заттар мен бұйымдарды жасаймын. Барлығы ойдағыдай шығуда. Оған қоса туындыма адамдар сайт арқылы бағасын беріп, ақырында жеңіске жеттім. Мен мұны орыс-жапон соғысындағы орыс теңізшілерінің ерлігі мерейтойына орай әзірледім. Бала күнгі арманым орындалды десем де болады.

Қайықтың әр бөлшегін шебер қолмен жасап шыққан. Орташа алғанда әр өнер туындысын құрастыруға бір ай көлемінде уақыт кететін көрінеді. Кітапханада қызмет атқаратын Айбар Оспанов, оқушыларға соғыс тарихы жайында әңгіме қозғағанды жөн санайды. Ал шебердің қолынан шыққан бұйымдар сол соғыстың бір бөлшегі іспеттес. Отағасының ермегін екі ұлы да ақырындап игеріп жүр.

Асылхан Оспанов – Айбар Оспановтың ұлы

– Болашақта үлгілеумен айналыспақ ойым бар. Маған әкемнің қолынан шыққан бұйымдар қатты ұнайды. Әзірге әкем секілді қағаздан танк жасай алмаймын. Дегенмен пластмассадан ойыншық солдаттарды құрастырудамын.

Қазір Айбар Оспановтың төл бұйымдарын тек жақындары ғана қызықтауда. Қағаз үлгілерін іске жаратып, бұйым жасауға жерлестеріміз аса ден қоймайтын көрінеді. Өнер иесі Жеңістің 70-жылдығына орай көрме өткізбек ниетте. Ал қазір крейсер кемесіне серік ретінде “Кореец” қайығын жасауды қолға алыпты.

Бакыт Садуакасов.