Қоғам

Облыс орталығында көпқабатты тұрғын үйлердегі жедел сатылар жаңартылуда

Сәкен Құдабаев – механик

– Қазір монтаж-демонтаж жұмыстарымен айналысудамыз. Яғни, ескі құрылығының орнына жаңасын орнатып жатырмыз. Машиналық бөлігінде басқару станциясын, екі қабатта есіктерді орнаттық. Бүгін бүкіл есіктерді орнатып боламыз деп ойлаймын.

Бір жедел сатыны бекітіп, әрлеу, өңдеу жұмыстарын қоса алғанда 1 айдан астам уақыт қажет екен. Бұл үйде әлі тағы 3 лифті орнатылмақ. Валентина Магомедалиева осында 85-ші жылдан бері тұрады екен. Оның пәтері 9-шы қабатта. Басында жүріп тұрған лифті тоқырау кезінде тоқтап қалған екен

Валентина Магомедалива

– Жоғары қабатта тұратын қарттарға көтерілуге тиіпті қиын. Сол себепті, күніне 1-ақ рет түсетінбіз. 20 жылдан астам істемеген лифтінің қайта іске қосылатынын естіп қуанып отырмыз. Енді, далаға жиі шығатын болдық.

Сужаңа жедел сатылар мен оған тиесілі құрылғылардың барлығы Белоруссияда шығарылған. Бір лифті 25 жылға шыдайды. Оның әрбіреуінің құны 6 млн. теңгені құрайды. Сонда 4-уін алу үшін 24 млн. теңге жұмсалса керек. Қыруар қаражатқа “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасының аясында қол жеткен.

Алексей Сулимов – “Семейный” ПИК төрағасы

– Әрине, бұл бағдарламаның тиімді тұстары мол. Біз бұл мүмкіндікті пайдаланып қалдық. Тұрғындар шарт бойынша 3, 5 немесе 7 жыл мерзімді өзара келісе отыра таңдап алып, біртіндеп төлейтін болады.

Жаңа жедел сатылар қыркүйек айында іске қосылуы тиіс. Айта кету керек, аталған бағдарлама аясында лифтілер бірінші рет осы үйде жаңартылуда. Жаңғырту жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табады. Петропавлда биыл жалпы 9 үйде 12 жедел саты орнату жоспарланған екен. Барлығы ағымдағы жылға “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасы бойынша 37 үйде жүргізілетін жөндеу жұмыстарына 777 млн. теңге бөлінген.

Данаш Хамзина.