Билік

Облыс әкімінің Түмен облысы делегациясымен кездесуі

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Қазақстан инвестиция құюға тартымды. Бізде сондай-ақ кәсіпкерлерді қолдауға мемлекет ерекше көңіл бөледі. Іскер азамат қалауы бойынша кез келген бизнесті дамытуға бағытталған тетікті пайдалана алады. Жалпы, Түмен облысымен екі арада өнеркәсіп, кәсіпкерлік саласын дамытуға қызығушылық бар. Кездесу оған тағы бір қарқын қосары сөзсіз.

Жиын барысында түмендік делегация өкілдері өздеріндегі жетекші сала бойынша баяндап, тілектерін білдірді. Шекаралас өңірде 2010 жылғы халық санағы бойынша 18 мыңдай қандасымыз тұрады екен.

Екі елдің іскерлік достастығын нығайту мақсатымен қазақ диаспорасының бастамасымен құрылған орталық кеңесінің төрағасы Есенғали Ибраев бүгін түмендік тауарөндірушілердің көрмесін құрғылары келетінін жеткізді.

Есенғали Ибраев – “Түмен-Қазақстан іскерлік достастығын дамытуға ықпал ету орталығы” Түмен аймақтық қоғамдық ұйымы кеңесінің төрағасы

– Біздің ұйымымыздың құрылғанына көп болған жоқ. 1 жылдың көлемінде бірталай істің басын қайырдық. Түмендік кәсіпкерлердің тауарларын паш ететін көрме ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл іскер азаматтардың танысу үшін сапарға кететін уақытын үнемдер еді. Жоспарымызды ең алдымен осында, одан әрі Астанада да жүзеге асырмақпыз.

Өңір жетекшісі бұл идеяның екі жақ үшін маңызды екенін атап өтті. Кездесу барысында түмендік делегация өкілдері солтүстікқазақстандықтардың аса қонақжайлылықпен қарсы алғандарына ілтипат білдіріп, бұл іскерлік қарым-қатынас алдағы уақытта жандана түсетінін жеткізді.

Данаш Хамзина.