Билік

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Ғабит Мүсірепов ауданындағы бірқатар құрылыс нысандарында болдыОблыс әкімінің іс сапары Ғабит Мүсірепов ауданы Пески орта мектебінен бастау алды. 2010 жылы қолданысқа берілген нысанда 250 оқушы білім алып жүр. Одан кейін Ерік Сұлтанов, «Қызылжар» шағын орталығына ат басын бұрды. Бүгінгі таңда аудан балалары балабақшамен 100 пайыз қамтылған. Дегенмен, білім мекемелерінің тапшылығы сезіледі. Айталық, Новоишимда қазақ мектебін салу бұрыннан көзделген. Құрылыс 2015 жылы басталмақ. Әзірге жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Өңір басшысы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында болып, 2008 жылы бой көтерген ғимаратпен де танысты. Келесі нысан, «Аква-Л» ЖШС. Ол үш жыл бұрын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ашылған. Аудандағы құрылыстың даму қарқыны да өңір жетекшісінің назарынан тыс қалмады. Жыл басынан бұл салады 919 млн теңге игерілген. Бұл 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,3 есеге көп. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының аясында тұрғызылып жатқан үйлердің бірі – мына бес қабатты үй. Ол желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Іссапардың екінші күні облыс әкімі аудан активімен кездесті. Аудан әкімі Марат Тасмағамбетов 2014 жылдың 6 айындағы ауданнның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. МАРАТ ТАСМАҒАМБЕТОВ ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ – Тұрғындардың жағдайын аңғартатын бірден бір көрсеткіш орташа жалақы мөлшері. Ерік Хамзаұлы, сіз 1 маусым біздің ауданға келгенде, ауыл шаруашылығы саласының жалақысын жоғарылатуды міндеттеген болатынсыз. Біз осы тапсырманы іске асыру мақсатында 16 отырыс өткіздік. Нәтижесінде, аталмыш сала мамандарының айлығы 30,7 пайызға жоғарылап, орташа есеппен 61229 теңгені құрады. Дегенмен, облыстың орташа жалақысынан 5,6 пайызға аз. Ауданымызда орташа көрсеткіштен төмен айлық алатын шарушылықтар да бар. Оларды отырысқа шақырып, жалақыны көбейту мәселесін қарастырамыз. 2014 жылы жергілікті бюджетке 832,3 млн теңге құйылып, ол 102 пайызға орындалды. Алайда, бұл көрсеткішпен шектеліп қалуға болмайды. Аудандықтардың алдында қол жеткен табысты бекітіп, экономикамен әлеуметтік салаларды одан әрі дамыту міндеті тұр. Ерік Хамзаұлы ауданда атқарылған жұмыстарға баға беріп, облыс көлеміндегі ауқымды шараларға тоқталды. ЕРІК СҰЛТАНОВ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ – Егін оратын комбайн шығаратын зауыттың жобасын жасап жатырмыз. Оған қатысты барлық сұрақтар шешілді, жұмыс басталып та кетті. Зауыттың 49 пайыз акциясы алпауыт мемлекеттік мекеме: «Самұрық қазына инвест» АҚ-ның еншісі. Келесі жылдың сәуір айында зауыт іске қосылып, сол айда алғашқы комбайндар шығарылады деп жоспарлап отырмыз. Жылына, қажеттілікке сай 300-400 комбайын шығару көзделген. Екінші қатысушы шет елдік «Сампо» компаниясы. Ол әлем бойынша ең үздік 5 компанияның бірі. Жиын барысында кездесуге қатысқандар облыс әкімі Ерік Сұлтановқа қойғысы келген сауалдарын жолдады. Солардың бірі Ирина Овчаренко. ЖШС басшысы банктен неси ала алмай жүргендігіне шағымданды. ИРИНА ОВЧАРЕНКО «ВИКОС» ЖШС БАСШЫСЫ – Құрметті Ерік Хамзаұлы, біз сүт өндірумен айналысамыз. Новоишим селосында сүт өндіретін ғимарат ашқым келеді. Бірнеше рет, екінші деңгейлі банктерден көмек сұрап едім, нәтиже жоқ. Олар нысанның құнын төмендетіп жібереді. Одан біз пайда көре алмаймыз. Сондықтан, осы мәселенің шешілуі қиынға соғып отыр. – 30 шілде мен барлық банк өкілдерімен жеке кәсіпкерлерді жинаймын. Осы іс сапарларда туындаған сұрақтарды жан-жақты қарастырамыз. Сізді де сол отырысқа қатысуға шақырамын. Мәселеңіз шешіледі деп ойлаймын Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды түрде жүзеге асып келеді. Құрылыс, кәсіпкерлік, медицина, өндіріс саласы жыл санап дамуда. Дегенмен, шешімін күтіп тұрған ауқымды мәселелер де жоқ емес. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов аудан басшылығына барлық сауалдар бойынша тиісті шарадарды қолдануды жүктеді.

МАРАТ ТАСМАҒАМБЕТОВ ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

– Тұрғындардың жағдайын аңғартатын бірден бір көрсеткіш орташа жалақы мөлшері. Ерік Хамзаұлы, сіз 1 маусым біздің ауданға келгенде, ауыл шаруашылығы саласының жалақысын жоғарылатуды міндеттеген болатынсыз. Біз осы тапсырманы іске асыру мақсатында 16 отырыс өткіздік. Нәтижесінде, аталмыш сала мамандарының айлығы 30,7 пайызға жоғарылап, орташа есеппен 61229 теңгені құрады. Дегенмен, облыстың орташа жалақысынан 5,6 пайызға аз. Ауданымызда орташа көрсеткіштен төмен айлық алатын шарушылықтар да бар. Оларды отырысқа шақырып, жалақыны көбейту мәселесін қарастырамыз.

2014 жылы жергілікті бюджетке 832,3 млн теңге құйылып, ол 102 пайызға орындалды. Алайда, бұл көрсеткішпен шектеліп қалуға болмайды. Аудандықтардың алдында қол жеткен табысты бекітіп, экономикамен әлеуметтік салаларды одан әрі дамыту міндеті тұр. Ерік Хамзаұлы ауданда атқарылған жұмыстарға баға беріп, облыс көлеміндегі ауқымды шараларға тоқталды.

ЕРІК СҰЛТАНОВ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

– Егін оратын комбайн шығаратын зауыттың жобасын жасап жатырмыз. Оған қатысты барлық сұрақтар шешілді, жұмыс басталып та кетті. Зауыттың 49 пайыз акциясы алпауыт мемлекеттік мекеме: «Самұрық қазына инвест» АҚ-ның еншісі. Келесі жылдың сәуір айында зауыт іске қосылып, сол айда алғашқы комбайндар шығарылады деп жоспарлап отырмыз. Жылына, қажеттілікке сай 300-400 комбайын шығару көзделген. Екінші қатысушы шет елдік «Сампо» компаниясы. Ол әлем бойынша ең үздік 5 компанияның бірі.

Жиын барысында кездесуге қатысқандар облыс әкімі Ерік Сұлтановқа қойғысы келген сауалдарын жолдады. Солардың бірі Ирина Овчаренко. ЖШС басшысы банктен неси ала алмай жүргендігіне шағымданды.

ИРИНА ОВЧАРЕНКО «ВИКОС» ЖШС БАСШЫСЫ

– Құрметті Ерік Хамзаұлы, біз сүт өндірумен айналысамыз. Новоишим селосында сүт өндіретін ғимарат ашқым келеді. Бірнеше рет, екінші деңгейлі банктерден көмек сұрап едім, нәтиже жоқ. Олар нысанның құнын төмендетіп жібереді. Одан біз пайда көре алмаймыз. Сондықтан, осы мәселенің шешілуі қиынға соғып отыр.

– 30 шілде мен барлық банк өкілдерімен жеке кәсіпкерлерді жинаймын. Осы іс сапарларда туындаған сұрақтарды жан-жақты қарастырамыз. Сізді де сол отырысқа қатысуға шақырамын. Мәселеңіз шешіледі деп ойлаймын

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды түрде жүзеге асып келеді. Құрылыс, кәсіпкерлік, медицина, өндіріс саласы жыл санап дамуда. Дегенмен, шешімін күтіп тұрған ауқымды мәселелер де жоқ емес. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов аудан басшылығына барлық сауалдар бойынша тиісті шарадарды қолдануды жүктеді.