Билік

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Тимирязев ауданына барды

Мұнда түріктің сапалы құрылғылары жұмыс істеп тұр. Қазір де кәсіпорын қондырлығыларды жаңартып жатыр. Ол жұмыстар қазан айында аяқталады деп жоспарланған. Аймақ басшысы серіктестік жұмысына оң бағасын беріп, жуық арада аумақты абаттандыру шараларын қолға алуды тапсырды. Онымен қоса жаңа жұмыс орындарын ашып, қызметкерлердің еңбекақысын арттыру мәселелерін қарастыруды жүктеді. Кейін облыс әкімі Ерік Сұлтанов Тимирязевадағы жалпы білім беретін қазақ мектеп- интернатына соқты. 400 орынға шақталған оқу ордасы заманауи спортзал, мультимедиялық кабинет және бассейнмен жабдықталған. Мектеп жанында 30 орындық шағын орталық бар. Аймақ басшысы жалпы білім беретін С.Мұқанов атындағы мектеп- гимзаниясының да жұмысымен танысты. Қазір мұнда күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Өңір жетекшісі келесі ат басын бұрған аудандық орталық ауруханада да бүгінгі күні қалпына келтіру шаруалары қызған. Емдеу мекемесінде жедел медициналық қызмет көрсететін 7 автокөлік бар. Жыл соңына дейін олардың қатарын тағы бірнеше су жаңа темір тұлпармен толықтыру көзделуде. Ауруханада кадр мәселесі де біртіндеп шешімін табуда. Бүгіндері мұнда 8 дәрігер жетіспейді. Тимирязев ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ерік Сұлтанов елді- мекен тұрғындарымен де кездесу өткізді. Ең алдымен аудан әкімі Ерік Базархановтың есебі тыңдалды. Ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар ауқымды. Бірақ әлі тындырылмаған шаруалар да жетерлік. Ол айта айта жауыр болған жол, сумен қамту мәселелері. Онымен қоса Тимирязев ауданында бүгіндері жем-шөп даярлау нашар жүргізілуде.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Осы қызметке тағайындалғаныма екі айдай уақыт өтті. Сол екі айдың ішінде біртіндеп аудандармен таныстым. Өндірісте біраз проблемаларды көріп тұрмын. Оларды шешу жолдарын қазір қарастырып жатырмын. Сіздермиен кездесіп, ақылдасып, оларды бірге қарамақпын.

Облыс әкімімен өткен кездесуге өз проблемаларын арқалап келген елді- мекен тұрғындары аймақ басшысы Ерік Сұлтановқа өз сауалдарын жолдай алды.

–  Ақсуат, Белоградовка, Мичурино және Ленинский ауылдарына қатынайтын автобус жоқ. Жолдардың нашарлығынан осы бағытта қатынайтын қоғамдық көлік наурыз айынан жүруін тоқтатты. Сондықтан осы аралықтағы жол жөнделсе жақсы болар еді.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Тамыз айына дейін бұл мәселе шешілу керек. Тұрғындар қатынай алатын болсын. Жолды қалыпқа келтіріп, бағытты қайтадан іске қосыңыздар.

Бұйымтайын арқалап келгендер аудан орталығында жарықтың жоқтығын да айтып өтті.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Міне нақ осы сауалды мемлекеттік- жекеменшік серіктестікті тарту арқылы шешуге болады. Осы әдісті әрбір аудан ортылығы қолдана алады. Ал ауылдарды жарықпен қамту мәселелері бойынша өтінішітерді аудан әкімдері әкелісн, қарастырамыз.

Кейін облыс әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Магжан Ахмадина.