Денсаулық сақтау

Медициналық құрылғылар көрмесі

Айсұлу Жакпарова, тұтынушы

– Алмагтың біреуін анама алдым. Оның жасы ұлғайғандықтан, тізесі ауыра бастады. Бұл аппаратпен ол емханада емделген болатын. Анамның айтуынша, алмаг ағзаға жақсы әсер етеді дейді. Біреуін өзіме және жұбайыма алдым. Отағасы бұрындары спортпен айналысқанда ескі жарасы қалған. Енді осы аппарат ауруды толық емдеп жазбаса да, сәл де болса бір көмегі тиер деймін.

Көптеген дерттерді үй жағдайында емдеп, алдын алу үшін қолданылатын енді бір медициналық жабдық – “Унилор-01” деп аталады.

Ирина Каширина, “Еламед-KZ” ЖШС менеджері

– Унилор-01 жақында ғана зауыттан шықты. Бұл бұрынғы фея аппаратының жетілдірілген түрі. Мұны құлақ, тыныс алу жүйелеріне, аллергиялық ренит, танзелит, фаленгит ауруларын емдеуде пайдалануға болады. Аппарат мұрын, құлақ сияқты көптеген мүшелерді жылыту үшін қолдануға болады. Қыздыратын инфра қызыл сәулелері бел, буын, демалу жүйелерінің дерттеріне шалдыққанда ем алуға жақсы. Бірақ мұны онкология ауруы бар және мұрыннан қан кеткен кезде пайдалануға тиым салынады.

Стимэл-01 – бұл да жақында пайда болған аппарат. Ол ағзаға төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді.

Ирина Каширина, “Еламед-KZ” ЖШС менеджері

– Бұл құрал адамның тыныс алу жүйелері, тірек-қимыл жүйесі аурулары, артроз, артрит, жүрек-қантамыр жүйесі сырқаттарына шалдыққанда қолданылады. Ал, диамаг аппараттын бас сақинасы ауырғанда, магниттік өріс арқылы емдеуге болады. Мұны балаларға қолдануға болмайды. Стационар жағдайында жарамдылық мерзімі 5 жыл, ал үй жағдайында одан да көп жыл қолдана беруге болады.

Физиотерапевтік аппараттарды “Қазақстан Конституциясы, 2” мекен жайындағы “Сердечная” дәріханасынан зауыт бағасымен сатып алуға болады. Қажет ақпаратты 46-35-12 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

Берик Касен.