Ауыл шаруашылығы

2014 жылы күз айында СҚО-да 7 элеватор қолданысқа берілмек

Владимир Авакян, “Стройинвест СК” технология учаскесінің басшысы

– Істің біраз бөлігі еңсерілді. Енді темір жол төселіп, тоқ көзі тартылмақ. Нысанды межелі уақытында тапсыру үшін мұнда 150-ге жуық адам жұмылдырылды. Егін ору науқаны басталысымен жалдамалы жұмысшылар тартылады. Мұнда аудан агроқұрылымдарынан астық және зығыр, рапс сынды майлы дақылдар қабылданады.

Нан сақтау қоймасының тапшылығын жою үшін бүгінде өңірімізде 12 нысан салынып жатыр. Соның 7-уі биыл 2-ші жарты жылдықта қолданысқа берілмек.

Бағлан Мауытов, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы инженерлік-техникалық инфрақұрылымы және мемлекеттік техникалық инспекция бөлімінің басшысы

– Бүгінде 56 кәсіпорын астық сақтауға лицензия алды. Оның жалпы сиымдылығы 6,2 млн. тоннаны құрайды. Қазір Айыртау, Есіл, Ғ.Мүсірепов және Тайынша аудандарындағы элеваторлардың құрылысы бітуге таяу. Нысандар биыл күз айына дейін қолданысқа берілуі тиіс. Онда жалпы сиымдылығы 279 мың тонна астық қабылданады деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек облыс орталығы мен аудандарда 2015 жылы тағы 5 нан қабылдау кәсіпорны салынбақ.

Берик Касен.