Қоғам

Қоғамның назары біртіндеп мүмкіндігі шектеулі жандарға ауып келеді

Людмила Юдичева, ХҚКО инспекторы

– Бұған дейін мен Заречный кентінде логопед болып қызмет еттім. Кейін белгілі бір себептермен қызметімнен кетіп, 3 жыл жұмыссыз жүрдім. Одан кейін бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде ХҚКО-на адамдар қабылданып жатқанын біліп, осында келдім. Республикалық тестіні сәтті тапсырып, 1 ай көлемінде тағылдымдамадан өттім. Жұмыс өзіме ұнайды.

Бүгінде солтүстікқазақстандық мүмкіндігі шектеулі 5 азамат Людмила сияқты “Онлайн” режимінде республикалық тестілеуді тапсырыпты. Тек 1-уі ғана ХҚКО-на жұмысқа алынбақ. Жалпы мекеме басшысының айтунша, мүгедектер үшін барлық жағдай қарастырлған.

Қайрат Асқарбеков, “ХҚКО” республикалық мемлекетік кәсіпорны СҚО бойынша филиалының директоры

– Мүмкіншілігі шектеулі адамдарға көбінесе инспекторлардың міндеті жүктеледі. Олар негізінен тұрғындар сұратқан анықтама қағаздарын, құжаттарын береді, оны қабылдайды. Олардың жұмысы заң бойынша аптасына 36 сағаттан аспайды. Күніне 6 сағаттан қана жұмыс істейді. Кезекті еңбек демалысын 1 5 күнтізбелік күнге ұзарттық.

Бүгінде өңіріміздегі ХҚКО-да 12 жарымжан еңбек етеді.

Берик Касен.