Құқық қорғау органдары

“Абайлаңыз: мотоцикл жүргізуші!” акциясы

Андрей Харченко – Петропавл қаласы ІІБ мемлекеттік автоинспекторы

– Бұл акцияны жол-көлік апаттарын азайтуға ықпал ету мақсатымен ұйымдастырып отырмыз. Біздің үндеуімізге әсіресе, мотоцикл, скутер және велосипед жүргізушілері ерекше көңіл аударса дейміз. Өйткені, дәл осы азаматтар жылдамдық асыра тұра, арнайы киімді киюге құлықсыздық танытады.

Акцияға қатысушылар Пестрое көлінің маңындағы “Солтүстік жұлдызы” ескерткішінен бастап қалаға қарай жол тартты. Олардың барлығы бастарына шлем киіп алған әрі жол бойы бір қалыпты жылдамдықпен жүріп өтті.

Кирилл Майсак – “Северный ветер” мотоклубының прездиенті

– Бүгінгі акцияны көрген адамдар алдағы уақытта көлігінің екі жағындағы айнаға жиі қарайды деген үміттеміз. Мотоцикл, әрине, жылдамдықты қажет етеді. Сол себепті, рөлдегі азаматтар көшеде артқы жақта келе жатқан осы көлікке де көңіл аударса дейміз.

Сонымен, 100-ге жуық адам Жамбыл, Абай, Мир, Кәрім Сүтішев көшелерімен жүріп өтті. Жастарына қарамастан жол жүру ережесін жақсы білетін велосипед мінген өрендер де өз кезегінде ерексектерді көшеге қырағылық танытуға шақырды.

Нұрман Жақсыбай – “Виктория” БЖСМ тәрбиеленушісі

– Мен бірде бір ағайдың рөлде мас күйінде отырған күйі жол белгісіне соғылғанын көрдім. Сонда біз дереу жол сақшылары мен жедел жәрдем қызметін шақырған едік. Сол себепті, барлық жүргізушілер рөлге мас күйінде жармаспай, жол ережесін сақтағанын қалар едік.

Акция соңында Қазақстан Конституциясы көшесінде жол-көлік апаттарының құрбандарын еске алу мақсатымен ақ пен қара түсті шарлар көкке жіберілді.

Данаш Хамзина.