Гүлмира Зейнуллина – “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының менеджері
– Бұл жобаның басты мақсаты жаңа бастау алған мүгедек кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Бизнес идеялармен өтінім “Даму” қорының 14 аймағы мен Астана, Алматы қалаларындағы филиалдары арқылы қабылданды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалда 10 өтінім мақұлданды.
Бүгінде конкурстың алғашқы кезеңіне қатысқан 10 мүмкіндігі шектеулі жанның 3-уі “Құс жолы” корпоративті қайырымдылық қорының грантына ие болды. Солардың бірі Кенесары Жолдаяқов. Құлағы нашар естиді, өзі екінші топтағы мүгедек. Жерлесіміз кембағал адамдарға ылайықты дәретхана жасау идеясын ұсынған. Оның ұсынысын қазылар алқасы қолдап, идеясын іске асыру үшін 150 мың теңге көлемінде грант берді.
Кенесары Жолдаяқов -2-ші топтағы мүгедек, жеке кәсіпкер
– Жасымыз ұлғайды. Қазір қартайған адамдарға қиын. Әсіресе ауылда қыстыгүні отырып тұруға ыңғайсыз. Менің бизнес планымда дәретхананың ішінде алмалы-салмалы орындығы мен ұстайтын жері болады.
Жалпы бұл жоба тек мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана арналған. Конкурстың алғашқы кезеңіне қатыса алмағандар үстіміздегі жылдың 1-і қыркүйегі мен 26 қазанында өз жобаларын ұсына алады.
Риат Шони.