Қоғам

Бір тал кессең, он тал ек

Ботагөз Аманжолова, “Соколовка мем/к орман шаруашылығы” ММ орман дақылдарының инженері

– 5 жылдық мемлекеттік “Жасыл даму” бағдарламасы аясында 2010 жылдан бері Соколовка мем/к орман шаруашылығы 195 Га жерге ағаш отырғызу керек болатын. Бірақ біздің мекеме бұл жоспарды асыра орындады. Яғни, 195 Га-дың орнына 212 Га жерге қайың, қарағай ағаштары отырғызылды. Сондай-ақ бұл жұмыстарға қарамағымыздағы 5 орманшылық та тартылды.

Соның бірі “Глазок” жеке кәсіпкерлігі 330 Га орманды алқапты 2008 жылы жалға алған. Сол аумақтағы ағаштарды отынға ұсатып, 5 жылдың ішінде оның орнынан толтырды.
Мынау 3 Га алқап солардың біреуі. Қазір мұнда 2009 жылы қолдан отырғызылған қайың ағаштары жасыл желектерін көмкеріп еңсесін тіктеп келеді. Енді оны алда түрлі зиянкестер мен өрттен қорғау міндеті тұр.

Валерий Глазок, “Глазок” ЖК директры

– Бұл жерде қайта қалпына келтіру үшін біраз жұмыс атқарылды. Кейбір жерінде көшеттер солып, селдір болып қалды. Ол жерге біз қайта жаңасын отырғызып, оны күн суытқанға дейін күтіп-баптадық. Орманды өрттен қорғау үшін жылына 3 рет дақылдардың жағалауы жыртылып тұрады. Мұнда әр тал есепте тұр. Оның өсу қарқынын орман инспекциясы мен департамент мамандары жиі қадағалап тұрады.

Жалпы “Глазок” ЖК 5 жыл ішінде 370 Га жерге қайың ағашын еккен.

Берик Касен.