Денсаулық сақтау

Биыл улы сұр жылан 2 петропавлдықты шақты

Руслан Төлентаев, облыстың штаттан тыс токсикологы

– Жапа шегуші суға түскенде жәндікке өзі тиіскен. Негізі жыланның бұл түрі адамға жайдан-жай соқтықпайды. Сұр жылан Афанасьевтың сол қолындағы ортан терек саусағын шағып алған. Ол бізді тыңдамай 1 тәулік үйінде жатып, ем алмағандықтан сол иығының үштен бір бөлігі ісініп кеткен. Біз оған қажетті емдомды көрсеттік. Бүгінде оның жарасы жазылып, ол үйіне қайтты.

Бауырмен жорғалаушының уы аса кауіпті болмағанмен ағзаға едәуір ауыр тиеді. Жапа шегуші дереу дәрігерге қаралмаса, бүйрек жетпіспеушілігі дертіне шалдығады. Іштен қан кетеді. Тіпті адамның жараланған дене мүшесін ампутациялайтын жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін дейді мамандар.

Руслан Төлентаев, облыстың штаттан тыс токсикологы

– Жапа шегушіге ешқандай алғашқы медициналық көмек жасамаған абзал. Жылан шаққан жердегі қанды ауызбен сығып алып тастауға, бір затпен күйдіруге, жгут салуға болмайды. Себебі адам осы ісімен жағдайды тіптен ушықтырып жібереуі мүмкін. Мұндайда бар болғаны жараға таза, құрғақ таңғыш дәке не шүберек салып, науқасты дереу емханаға жеткізген әлдеқайда дұрыс болады.

Өңірде жылан шағып алу жағдайлары жылда тіркеледі дейді мамандар. Десе де сұхбат алу барысында тұрғындардың бұдан хабарсыз екендігін білдік. Бірі жыланан қалай қорғану керектігін кітаптан білсе, кейбіреуі фильмдерден көрген екен.

–  Жылан шаққан жараға тиіспей, бірден дәрігерге қаралу керек.

–  Жылан шақан жерді кесіп, қанын сорып алу керек. Мен мұны фильмнен көргенмін.

Біле жүріңіз, сұр жыланның ені 4 см, ұзындығы 1 метрге жетеді.

Берик Касен.