Қоғам

Петропавлда ұлтаралық татулықты нығайтуға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Алмагүл Сәлімбаева – “Қазақстан халқы ассамблеясының қоры” ҚҚ директоры

– Жастар ісі жөніндегі комитеттің қаржылық қолдауы мен әлеуметтік тапсырысының аясында бірнеше шара ұйымдастыру жоспарланып отыр. Осылайша, жұмысымды этно-мәдени бірлестіктердің жастарын біріктіруге, белсенді қылуға бағыттамақшымыз.

Жиында облыстық Ассамблея өкілдері Достық үйіндегі бүгінгі тыныс-тіршілік жайында баян етті.

Наиль Салимов – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

– Бізде 23 этно-мәдени орталық, ал аудандарда осындай 104 ұйым бар. Қоғамдықты келісімді қалыптастыру мақсатында Ассамблеяда өтетін барлық іс-шараларға қатысуға жастардың қызығушылығын тудыру үшін “Бірлік” ұйымы құрылған. Оған орталықтар жанындағы 11 клуб кіреді.

Жиында Ресейдің Қазақстанмен шекарлас облыстарындағы қазақтармен қарым-қатынасты нығайту туралы сөз болды. Бүгінде онда шамамен 150 мыңдай қандасымыз тұрады екен.

Данаш Хамзина.