Юрий Заикин- «ПромСтройМебель» ЖШС директорының орынбасары
– Алғашында бізде 12 адам жұмыс істеген қазір 20- дан асады. Әрине кәсіпорын жұмысы жылдан жылға жанданып келеді.
Жұмыс сапары барысында өңір жетекшісі әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен де танысты. Өткен жылдың мамыр айында Мамлютка қаласында 300 орынға шақталған мектеп салына бастаған. Білім шаңырағы алдағы оқу жылында тапсырылуы қажет болатын. Алайда мұндағы шаруа тек 40 пайызға ғана орындалыпты.
Александр Марлагин- «Құрылыс Сервис СК» ЖШС директоры
– Мектептің фундаменті жасалды. Қабырғалар қаланып, бірінші қабаты көтерлді. Су құбырлары мен қазандық бар. Электр энергиясымен жабдықтау жұмыстары да жүргізілді. Ауа райына байланысты біз жұмыстарды көп уақыт жүргізе алмадық. Өйткені орналасқан жер лай батпақ.
Жұмыс қарқыны сылбыр. Өңір жетекшісі мердігер компанияны сынға алып, құрылысты желтоқсан айына дейін аяқтауды тапсырды.
Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі
– 40 күнде әрине сіздер жұмысты аяқтап бітірмейсіздер. Сондықтан бірінші желтоқсанға дейін нысан тапсырылуы тиіс. Сондықтан барлық күшті жұмылдыру қажет. Нысанды белгіленген мерзімде қолданысқа беру үшін өзге де кәсіпорындарды тартыңыздар. Жұмысшыны көбейту керек.
Аймақ басшысы аудан орталығында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша тұрғызылып жатқан 7 үйде де болды. Мұндағы 4 баспана толығымен аяқталса, тағы 3-нде аббаттандыру шаралары жүргізілуі қажет. Бұдан соң Ерік Сұлтанов аудан активімен кездесті. Бұл жерде Мамлюттықтардың ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмыстары таразыланды. Әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштер жайлы аудан басшысы Ерболат Бекшенов баяндады. Жиын соңында сөз алған өңір жетекшісі ауданның даму қарқыны бар бірақ, шешімін таппаған мәселелер де жетерлік деді. Атап айтқанда, бұрынғы ірі кәсіпорын болған «Мамлют машина жасау зауыты» ЖШС жұмысы қазір тұралап қалған. 4 қабатты ғимарат қаңырап бос жатыр. Ал бұрындар мұнда автокөліктер мен ауылшаруашылығы техникаларын жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.
Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі
– Әрине осындай ірі кәсіпорынның тұралап қалғаны өкінішті. Бірақ енді бір ай көлемінде бұл мәселені шешу керекпіз. Оның өндірістік қуаттылығы жақсы. Әр түрлі бағыттарда пайдалануға болады.
Онымен қоса мұнда әлеуметтік нысандар құрылысы да өте баяу қарқынмен жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы, жолдар және тұрғын үй комманалдық шаруашылығы саласындада ауданда атқарылмай жатқан шаруалар шаш етектен көрінеді. Сондықтан кеткен олқылықтардың орнын толтыру жұмыстары қарқынды жүргізілуі тиіс деді облыс әкімі Ерік Сұлтанов. Аймақ басшысы шағын және орта бизнесті дамытуға да баса назар аудару керектігін ерскертті. Кейін өңір жетекшісі Мамлют ауданының кәсіпкерлерімен жеке кездесу өткізді.
Магжан Ахмадина.