Ауыл шаруашылығы

Өңір ғалымдары етті, сүтті бағыттағы мал басын дамытудың тиімді жолдарын зерттеуде

Қанат Мыңжасов, Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры

– Институтқа Қостанай облыснан сүттің 24 мың үлгісі жіберілді. Оны біз жыл аяғына дейін зерттеп беруіміз қажет. Және өзіміздің өңірдегі 26 шаруа қожалығынан 10 мыңға жуық сүт сынамасы жеткізілді. Қазір 16 көрсеткіш бойынша сүттің химиялық анализін зертеу үстіндеміз.

Институттың келешекке жоспары ауқымды. ҚР білім және ғылым министрлігі ауыл шаруышылығына жаңашылдық енгізу үшін ел ғалымдарына 9 млрд. тг-нің грантын тағайындап отыр. Грант үздік жобаларға ғана берілмек. Жерлестеріміз оған 9 тың жобасын ұсынып отыр. Олардың ішінде малды асылдандыру бағыты ерекше назарда.

Асқар Естанов,Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мал шаруашылығ бөлімінің меңгерушісі

– 20 жылдың ішінде етті тұқымды ірі қараның арасынан 4 аталық іздерді алдық. Соның үшеуіне патент алдық. Енді біреуі ақ бас аталық ізді дайындап жатырмыз.

Институтта сондай-ақ селекция, ветеринарлық қамсыздандыруға көп көңіл бөлінген. Келешекте жем-азыққа биологиялық белсенді қоспалар қосып, малды бордақылауды тиімді ету жағы қолға алынбақ.

Альбина Валеева, Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының лаборанты.

– Мұнда малға қажетті жем-азықтың химиялық құрамы 1 минуттың ішінде белгілі болады. Құрал протеин, жасуша, ылғал, крахмал, калций сынды 9 түрлі көрсеткішті бірден көрсете алады.

Бүгінде мұнда 3 доктор, 20 ғылым кандидаты, 8 магистрант жемісті еңбек етеді. Мекемеде кадрлар жыл сайын шет елде біліктілігін үздіксіз арттырып отырады. Кейбіреу “Болашақ” бағдарламасына жүгінген.

Данияр Жантілеуов, Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жетекші маманы

 

– Қытайдың аграрлық университетінде 3 ай тағылымдамадан өттім. Дәрісте малдардың генетикасы, селекциясы бойынша жаңа білімдер алдық.

Берик Касен.