Балалар

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу басты міндет

Лариса Лысакова – СҚО ІІД ӘПБ ювеналдық полиция бөлімінің аға инспекторы

– Балалар арасындағы қылмыс көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады. Құқық бұзушылық фактілерінің көбісі жаз маусымында тіркелуде.

Балалар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, кейінгі толқынның құқықтық білімін арттыруды – жастар бастамалары орталығының мамандары да назардан тыс қалдырмауда. Кездесуде мамандар балғындарға ескертпе қағаздарын таратып, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Данияр Әбутәліпов – СҚО жастар бастамалары орталығының төрағасы

– Шарада балғындарға ескертпе қағаздарын таратып, оларды толғандырған сұрақтарға жауап бердік.

Жеткіншектер кездесуден мол мағлұмат алдық деп отыр. Олар мамандардың кеңесі өмірде қажетке жарайтынына сенімді.

– Мен әңгіме-кеңесінен өзіме қажетті көп ақпарат алдым.

– Біз әңгіме кезінде балалар жасайтын қылмыстармен таныстық. Мұны білу бізге өте қажет. Өзім бойымды жаман әдеттерден аулақ ұстаға тырысамын.

Ұйымдастырушылар түсіндіру шараларын лагерь маусымы аяқталғанға дейін жалғастырмақ.

Бақыт Сәдуақасов.