Спорт

1999 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан ел біріншілігі жалғасып жатыр

3 орында келе жатқан Теміртаулықтар да өздерінің осал емес екендіктерін дәлелдеуде. Алғашқы болып гол өткізіп алған футболшылар өкінбей өткір шабуылдармен жауап қайтара білді. Сондай өткір шабуылдардың бірінде Оқжетпестік қақпашы қателікке бой алдырып есепті теңістіруге мүмкіндік берді. Бұл қателікті 20 минутта Талғат Аманжол пайдаланып командасына ұпай алуға үміт сыйлады. Қуаныш көпке созылған жоқ. Фавориттің аты фаворит. Ойынның 29 минутында Өстемір Талғат командасын алға шығарды.

1 таймның қорытындысы бойынша көкшетаулықтардың пайдасына есеп 1-2 мен аяқталды.

Олег Любченко – “Оқжетпес” футбол командасының бапкері

– Турнирлік кестеде 17 ұпаймен көш бастап келеміз. Екінші орында 7 ұпаймен “Қызыл-Жар СК” командасы. Финалдлық кездесуде ойнаймыз деген үміт бар. Біздің ең басты мақсатымыз Қазақстан Республикасының чемпионы атану. Бұл үшінде үлкен еңбек атқарып келеміз. Мақсатымызға қол жеткіземіз деген ойдамын.

2 таймда қызыққа толы болды. 15 минуттық үзілісте теміртаулық бапкер шәкірттеріне тактикалық кеңестер беріп, шабуылдың қарқынын қосу үшін ойыншыларды да алмастырды. Еңбегінің жемісін бірден көрді. Ойынның екінші кезеңі басталған сәтте есепті теңестіре білді.

Кездесу қорытындысы бойынша “Оқжетпес” құрамасы 2-3 есебімен қарсыластарын тізе бүктірді. Турнирлік кесте бойынша “Қызыл-Жар СК” командасы 10 ұпаймен екінші орында келе жатыр. Жергілікті аяқдоп шеберлері шілденің 18 күні Қарасай стадионында елордалық “Байтерекпен” 3 ұпай үшін таласқа түседі.

Риат Шони.