Спорт

СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы үздік атанды

Екінші орыннан Қостанай облысының полицейлері табылса, үздік үштікті Алматы облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының тәртіп сақшылары тұйықтады.

Жұмабек Ахметов – ҚР ҰҰ Әскери институтының бастығы

– Спартакиадалар әрбір әскери адамының өмірінде маңызды орын алуы керек. Ең алдымен құқық қорғау органында жұмыс жасайтындардың физикалық дайындығы мықты болуы шарт. Кез келген жағдайда олар спорттық шеберлігін көрсете алуы тиіс. Сондықтан осындай жарыстарда полицейлер шыңдалады, жігерленеді.

Сайыс жеңімпаздары медаль, грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал бірінші орынан көрінген құрама, тамыз айында Өскемен қаласында өтетін құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы республикалық жарыстарда ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының намысын қорғайтын болады.

Магжан Ахмадина.