Қоғам

Ірі байланыс операторына 20 толып отыр

Юрий Гнусин – “Қазақтелеком” СҚ ОТД бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы

– Бүгінгі таңда “Қазақтелеком” АҚ-ы Қазақстан тұрғындарына жаңа қызмет түрлері мен сервисін ұсынып келеді. Мысалға алар болсақ, қаламыздағы көпқабатты үйлердің көбісінде жезді шоғырсым желінің орнына оптика орнатылған. Ол өз кезегінде тұтынушыларға “iD Home” пакетіне енгізілген бірнеше қызмет түрлерін қолдануға жол ашпақ. Ал “iD TV online” қызметі арқылы телекөрермендер сүйікті арналарды ноутбук, планшет пен смартфонның көмегімен тамашалай алады.

Сондай-ақ биылғы жылдың басты жаңалығы – тың ақпараттық-коммуникациялық қызмет түрлерінің саудаға түсуі. Бұған виртуалды хостинг пен мәліметтерді сақтау жүйесі секілді заманауи қызмет түрлері кіреді.

Юрий Гнусин – “Қазақтелеком” СҚ ОТД директоры орынбасарының міндетін атқарушы

– 2014 жылы “Алтел” АҚ-мен бірігіп 4G жоғары жылдамдықтағы сымсыз желіні қосу жобасын іске асырудамыз. Мұнда ғаламторға кіру жылдамдығы алдыңғысынан 5-7 есе артық болмақ. Бұл жаңашылдық Петропавл қаласында күзде қосылады деп күтілуде.

Биыл “Қазақтелеком” АҚ-ы өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Соған орай дирекция қызмет түрлерін пайдаланушыларға көптеген жеңілдіктер ұсынбақ.

Кристина Баширова – “Қазақтелеком” СҚ ОТД бірінші санатты сауда маманы

– Солтүстікқазақстандағы Казақтелеком филиалы телекоммуникациясының мерейтойына орай біздер клиенттерімізге сыйлықтар әзірлеп қойдық. Мысалға, ауыл тұрғындары “Сенің Қазақстаның” топтамасын қосса, олардың үй телефонымен екі ай бойына ел аумағында тегін қоңырау шалуына мүмкіндік бар. Ал қала бойынша “iD Home” топтамасын қосқан тұтынушылар қазан айында өткізілетін ұтыс ойынына қатыса алады.

Жуырда “Қазақтелеком” байланыс операторы әр айдың аяғында көрсетілген қызметтің есебін абоненттің электрондық поштасына жіберуді қолға алды. Бұл тұтынушылардың уақытын үнемдеуге тиімді.

Бақыт Сәдуақасов.