Қоғам

Қызылжар ауданының 9 елді мекені 2015-ші жылы сапалы ауыз сумен қамтылмақ

– Қазір елді-мекен тұрғындары суды мына жерден алып келеді. Оның өзі күніне небары 2,5 сағат қана жұмыс жасайды. 400-ге жуық тұрғыны бар Приишимка ауылы үшін ол әрине аздық етеді. Ал бір піләк судың құны 10 теңге тұрады.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап «Альфа Север» ЖШС қызметкерлері Приишимкада құрылыс жұмыстарын бастаған. Қазір кәсіпорын мамандары насос станциясын салып жатыр.

Андрей Фомиченко- «Альфа Север» ЖШС учаске басшысы

– Биыл біз 49 млн теңгеден астам қаржыны игеру керекпіз. Қазіргі күні 25 млн теңгесін іске жараттық. 5 шақырым магистраль желілерін өткіздік. Ендігі жұмадан бастап әр үйге 32 диаметрлі құбырлар тарту жұмыстарын қолға аламыз.

Ауыл тұрғындары болса, мұндай жаңалыққа қуанышты.

– Әрине бір көшеден келесі көшеге су тасу қиын. Әсіресе, қысқы уақытта оппалап, оны үйге жеткізу оңай емес. Үйінде құдықтары барларға жақсы. Ал қарт адамдар тіптен қианалады.

– Біз осы жаңалықты ұзақ күттік. Әрине қуаныштымыз. Тезірек жасаса, тіптен жақсы болар еді.

Жалпы бүгіндері Қызылжар ауданы бойынша 9 елді-мекенде «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен 1,4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Еслям Нұрғалиев- Қызылжар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

– Биылғы жылы барлық 9 ауылға бізге 715 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның 643,9 млн теңгесі республикалық бюджеттен болса, қалғаны облыстық қаржы. Барлық 9 нысан бізде келесі жылға өтеді. Сондықтан қалған 676 млн. теңге ендігі жылы бөлінетін болады.

Барлық нысандар 2015 жылдың желтоқсан айында тапсырылуы қажет.

Магжан Ахмадина.