Қоғам

“Бизнестің жол картасы 2020” мемлекеттік бағдарламасы өңірімізде қарқынды жұмыс істеуде

Лилия Ожогова – “Баларман” балабақшасының педагог-психологы

– Өз мамандығым бойынша қызметке орналасқаныма қуаныштымын. Біз мұнда “Алғашқы қадам” бағдарламасымен жұмыс істейміз. Сабақтар қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Мұнда 3 топ бар. Біреуі мемлекеттік тілде білім алса, қалған екі топ орыс тілінде тәлім алуда.

Балалардың денсаулығы басты назарда. Дәл қазір балғындар шынығу үстінде. Ал көршілес бөлмеде-ой өрісті кеңейту сабағы өтіп жатыр. Мұғалім бүлдіршіндерге түрлі суреттер көрсетеді, ал кішкентай балалар онда не бейнеленгенін айтуы қажет.

Сонымен қатар, ой өрісті кеңейту бағдарламасында ән сабағы, үш тілді үйретіп, оқыту қарастырылған.
Аталған мекемені ашу Ілиясовтар отбасысына оңайға соқпапты. Ол “Бизнестің жол картасы-2020” мемлекеттік бағдарламасының көмегіне жүгініп, 7 пайыздық үстемеқымен 5 жылға 51 млн. 800 мың теңгенің несиесін рәсімдеген. Бұл өз кезегінде 8 айдан кейін балабақшаны аяғына тік тұрғызуға ықпал етті. Қазір бұл мекемеде 24 қызмекткер жұмыс істеуде. Олардың барлығы “Балапан” бағдарламасының көмегін көруде.

Балдырған Ілиясов – “Баларман” балабақшасының директоры

–  Президенттің бастауымен “Балапан” бағдарламасы қолға алынды. Мемлекет 2020 жылға дейін мектеп жасына дейінгі балаларды 100 пайыз қамту керек деп мақсат қойып отыр. Егерде біз сияқты жеке кәсіпкерлер қолдамаса, бұл мақсат мемлекет тарапынан біте қоймайды.

Жеке кәсіпкер балабақшаны тағы 100 орынға кеңейтпек ниетте. Өйткені, мемлекет шағын және орта бизнес өкілдеріне үлкен қолдау көрсетіп отыр дейді ол.

Риат Шони.