Қоғам

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы тақыланды

Жанат Жұмабаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары

– Жиі кездесетін олқылықтардың бірі – тиісті стандарттар мен берілген мерзімнің сақталмауы, қажет құжаттардың толық жиналмауы. Тексерістің нәтижесінде, 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды.

Оның 5-уі сөгіс болса, тағы 5-уі – ескерту. Тәртіптік жауапқа тартылғандардың ішінде Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары, 2 мемлекеттік органның басшылары, аудан әкімі аппараты құрылымының жетекшісі, бір сектор меңгерушісі мен 5 маман бар.

Осындай олқылықтардың орын алуының көп жағдайдағы басты себебі – қызметкерлердің біліксіздігі.
Пандустардың салынуы да қоғамдық кеңес мүшелерінің көңілінен шықпады. Көбінде ұсталынатын тұтқасы жоқ және тиісті көлбеулік сақталынбаған.

Қалалық әкімдіктегі мемлекеттік қызметтердің бүгіндегі сапасы жайында Петропавл қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Тілеубай Есжанов мәлімдеді.

Тілеубай Есжанов – Петропавл қаласы әкімі аппаратының жетекшісі

– Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысына қызметке сәйкес келмеу туралы ескерту жарияланды. Сондай-ақ, жер қатынастары бөлімі секторының меңгерушісіне – сөгіс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің маманына қатысты ескерту жарияланды.

Тілеубай Есжановтың айтуынша, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мерзімнің сақталмауының тағы бір себебі – кадрлардың жетіспеушілігі.

Жиында барлығы 6 мәселе қаралды. Отырыс соңында олардың әрбіреуі бойынша тиісті шешім қабылданды.

Данаш Хамзина.