Денсаулық сақтау

Бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққандарға мемлекеттен тегін медициналық көмек көрсетілуде

Алла Чернова, емделуші, Қызылжар ауданы

– Өткен жылы 1 желтоқсанда қан қысымым 220-ға көтеріліп ауруханаға түстім. Онда 10 күн жатып, кейін осы оталыққа келдім. Мұнда ақ халаттылар жақсы қарайды. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Тамыз айында осы орталықтың атынан Алматы қаласындағы “Қарғалы” сауықтыру санаториіне 2 аптаға тегін демалуға жіберіп жатыр. Онда емделу тегін, әрі жол мен тұратын үйдің ақысын өздері көтереді.

Ем-дом шарасында науқастар аптасына 3 рет келіп, кезегін тоспай тегін емделеді. Бүйрек қызметін толық алмастыратын жаңа қондырғылар қан құрамын тазартып, қайта құюға мүмкіндік береді. Әрбір сеанс 4 сағатқа созылады.

Анвар Усманов, “ЗЕЙН” амбулаторлық гемодиализ орталығының нефролог дәрігері

– 1 сенсқа шамамен 26 мың теңге жұмсалады. Ол қаражаттың барлығы мемлекет қазынасынан. Яғни емделуші қалтасынан көк тиын ақша шығармайды. Диализ бұл емделу емес, шындығын айтсам ол өмір сүру салты. Бүйрекке су жиналу, туа біткен сырқат, қабынулар мен қант диабетінің асқынған түрлері көп жағдайда созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне әкеп соқтырады. Сондықтан науқас ерте бастан денсаулығын күтуі қажет.

Мекемеде 20-ға жуық қызметкер еңбек етеді. Оның 4-уі білікті дәрігер, соншасы медбике. Борис Данченконың осы салада жұмыс істеп жүргеніне 41 жыл. Тәжірибелді маман гемодеализден кейін пациенттің қысымы көтеріліп кеткен жағдайда медициналық көмек көрсетеді.

Борис Данченко, “ЗЕЙН” амбулаторлық гемодиализ орталығының анастезиолог дәрігері

– Орталық ашылғалы бізде гемодиализден кейін асқынулар болған жоқ. Кейде емделушілерде қысымның көтеріліп не төмендеп кеткен жағдайлары болды. Бірақ біз оған да шұғыл түрде көмек көрсетіуге даярмыз.

Күніне 15 шақты науқасты қабылдай алатын бұл орталық биыл қаңтар айында ашылды. Емдеу мекемесі немістің “Вибраун” фирмасының 6 гемодиализ аппаратурасымен жабдықталған. Сондай-ақ мұнда экстремалдық жағдайда өкпе мен жүрек реанимациясына қажетті тыныс алу жүйесі мен жүрек ақауын ретке келтіретін аппараттар бар. Оның іске жарамдылығын мұндағылар үнемі тексеріп тұрады. Техника халықаралық деңгейдегі сарапшылармен мойындалған.
Биыл осы орталықта емделген 2 петропавлдыққа Алматыдағы Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми-хирургиялық орталықта бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды.

Мекен-жайы: “МЕЛНИЦА” СҮ 2 қабат, Гемодиализ орталығы таңғы 8:00-17:00-ге дейін жұмыс жасайды.

Берик Касен.