Қоғам

Сот саласындағы жаңа электронды қызмет

Бахыт Қасеинов, СҚО сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы

– Сот кабинеті” сервисі электронды іс-қимыл арқылы сот өндірісін жеңілдетуге, сондай-ақ сот жүйесінің жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. “Сот кабинеті” арқылы өтініш, арыз, шағым және электронды түрдегі өтінімдерді әзірлеуге және беруге болады. Оған қоса мемлекеттік алымдарды онлайн түрінде төлеу, деректерді сақтау мен біріктірудің қауіпсіздігін операциялар арқылы іске асыруға болады.

Және тұтынушы аталмыш жобаның арқасында кез келген уақытта сот құжатын қарап, істің тарихымен танысып, сот актісін басып шығара алады. Мұның бәрін жеке және заңды тұлға үйден не кеңсесінен шықпай ақ жасай алады. Тек. “Сот кабинеті” сайтына алдын ала электронды цифрлық қолтаңбасымен тіркеліп алған жөн. Теріскейліктер жаңашылдықты жақсы қабылдады. Сайран Молдахметов бұл жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты болдырмауға септесетін таптырмас амал дейді.

Сайран Молдахметов, СҚО адвокаттар алқасының адвокаты

– Енді заң қызметкерлері, адвокаттар мен арызданушылар бұрынғыдай соттарға барып табандарын тоздырмайды. Сосын сот отырысының хаттамаларымен электрондық түрде таныса алады.

Жиын аяқталысмен ҚР Жоғарғы соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен республикалық адвокаттар алқасы арасында әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылды. Осылайша олар бірлесіп электрондық сервисті одан әрі жетілдірмек ниетте.

Берик Касен.