Мәдениет

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада жаңа қондырғы

Павел Старков – С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың ақпараттық технологиялар бойынша директордың орынбасары

– Екі жыл бұрын кітапханадағы басылымдарды сандық жүйеге көшіру үшін арнайы қондырғы алдық. Сканерлеу әдісі жоғарыдан төмен жүргізіледі. Бұл сандық жүйеге көшіруді жылдамдатады әрі көне басылымдармен ұқыпты айналысады.

Жалпы электрондық кітапхана бөлімі өңірімізде 2002 жылы іске қосылған. Бұл сол уақыттағы еліміздегі тұңғыш электрондық кітапхана болып табылады. Қазіргі таңда электрондық кітапхана қорында 500-ге жуық түрлі басылымдар, 20 мыңға тарта өлкетану жайында мақалалар бар. Электрондық кітапханаға күніне 3 мыңнан астам солтүстікқазақстандық оқырмандар кіреді. Үстіміздегі жылдың жаз айынан бастап мобильдік кітапханада өз жұмысын бастаған.

Павел Старков – С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың ақпараттық технологиялар бойынша директордың орынбасары

– Мобильді кітапхана” біздің бөлімдегі кітаптарды тұспалдауға көметеседі. Ондағы кітаптарды оқу үшін қолданушы кітапханадағы вай-фай желісінің көмегі арқылы электронды әдебиеттерді аша алатын бағдарламаны орнату қажет. Кейін куар-код үстемесі арқылы оқи алады, немесе өзінің мобильді құрылғысына жүктей алады.

Аталмыш кітапхана заман ағымынан қалмай ілесіп отыруға тырысады. Мұндағы қор күннен күнге жаңа басылымдар мен материалдарға толуда.

Риат Шони.