Спорт

Мектеп пен колледж оқушыларының 7 жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті

Қанат Сәдуақас – аймақтық дене тәрбиесі спорт және АӘД оқу-әдістемелік орталығының директоры

– Бүгінгі өтіп жатқан жарысқа Қазақстанның 7 облысынан командалар қатысып отыр. Бүгінгі күні командалыс есепте жеңіске жету үшін жарыс Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының арасында өтіп жатыр.

Жалпы шабандоздарға 10 айналымды бағындыру қажет. Ең бірінші болып мәре сызығын кескен спортшыға 5 ұпай қосылады. Бұндай ұпайлар СҚО командасына ауадай қажет, себебі олар елордалық велошабандоздардан 11 ұпай айырмасымен артта қалып келеді. Осыны ұғынған Кирилл Вяткин жарыстың басында алға суырылып қарсыластарын шаң қаптырды. Алайда жас спортшының жолы болмай қалды. Астындағы велосипеді техникалық ақау беріп, жөндеуді талап етті. Соның салдарынан уақытын жоғалтып, бәсекелестеріне жол беріп қойды.

Кирилл Вяткин – жүлдегер, Петропавл қаласы

– Жарыстың өткен 2 күнінде мен жеңімпаз атанғам. Бүгін велосипедімнің сынып қалғанына байланысты жеңістен үміт үздім. Бұл үшін қатты ызалы емеспін. Алда әлі Өскемен қаласында өтетін жарыс бар, оған дейін мықтап дайындаламып жеңіске жетуге тырысамын.

Ал бұл олқылықты Астана қаласының шабандозы Вадим Бронский пайдаланып, елордалықтарға жеңіс сыйлады.

Вадим Бронский – жеңімпаз, Астана қаласы

– Бүгінгі жол өте ауыр болды. Қарсыластарым да мықты. Кеше жеңіске жете алмаған едім. Сәттілік серік болып, бірінші келдім.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, медальдар мен кубоктар табысталады.

Риат Шони.