Қоғам

Еңбек мигранттарын әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Светлана Жасымбекова – “Әйелдерді қолдау орталығы” ҚБ төрайымы

– Қазіргі кезде ел аумағында жүрген шетелдік еңбек мигранттанының санын дөп басып айту оңай емес. Оларды жұмысқа ресми түрде алуға ағымдағы жылдың сәуірінен рұқсат берілді.

Ал көші-қон полциясы мамандары Қазақстанға еңбек етуге келген әр шетелдік азаматтың еңбек мигранты ретінде тіркеуге тұруларын ұмытпауды сұрайды. Өйтпеген жағдайда заңды белшеден басқандар елден шеттетілетіндігін жеткізді.

Айнагүл Құдабаева – СҚО ІІД көші-қон полициясының ішкі миграция бөлімінің басшысы

– Осы жылы еңбек мигранттарына қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер енгізілді. Шетел азаматтарының еңбегiн пайдаланатын жұмыс берушiлер еңбек қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша iшкi iстер органдарына тiркеу туралы өтiнiш бередi. Есепке алынған күннен бастап еңбек мигранттары үш жылдан аспайтын мерзiмде ел аумағында жұмыс жасай алады.

Мигранттарға жәрдемдесу орталығында ұйымдастырылған шараға Тәжікстан азаматы Эльожидин Еров та қатысуда. Ол Қазақстанға 2002 жылы қоныс аударған. Осы күні шетелдік қаладағы сауда орындарында жұмыс жасайды.

Эльожидин Еров

– Мен Тәжікстаннан Қазақстанға 2002 жылы көшіп келдім. Кейін көші-қон полициясына еңбек адамы ретінде тіркеуге тұрдым. Қазір жұмыс жасап, еңбек етудемін.

Жиын соңында елордалық меймандар еңбек мигранттарына қатысты күрмеуі қиын мәселелерді Парламентке жолдайтындығын жеткізді.

Бакыт Садуакасов