Энергетика

Электр қуатын үнемдеу

Евгений Политкин – “СҚЭТК” АҚ бас директорының электр тарату бойынша орынбасары

– Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР “энергияүнемдеу және энергия күшін арттыру” Заңына бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұрын қолданылып келген 2 жарым сыныпты құрылғыны қолдануға тыйым салынды. Енді электртұтынушылар үйлеріне 2 сыныпты электр есептегіш құрылғыны орнатулары керек.

Энергетиктер электр есептегіш құрылғыны тұтынушылар өз қаражаттарына сатып алып, орнатулары керек деп отыр. Есептегіш құрылғының құны – 6 мыңнан 7 жарым мың теңгеге дейін. Бағдарлама енгізу 1110, пломбалау -777 теңге болады. Саудаға түскен есептегіш құрылғылар ресейде жасалған. Сол себепті, құрылғыны жергілікті тарифке бейімдеу керек.

Евгений Политкин – “СҚЭТК” АҚ бас директорының электр тарату бойынша орынбасары

– Бүгінде электр құнының 1 киловатына тұрғындар бекітілген бағаға сәйкес төлейді. Мысалы жеке тұлғалар күндізгі уақытта 1 киловатқа энергияға 14 теңге төлесе, түнгі уақытта 3 теңге ақша жұмсайды. Ал заңды тұлғалар күндіз 13 теңге, түнгі уақытта 3 теңге ақы төлесе, кешкі кезде 1 киловатқа 28 теңге төлеуде. Жаңа электр есептегіш құрылғысы бар тұтынушылар электр ақысын осы тариф бойынша төлейді.

Электр есептегіш құрылғыны орнатқысы келетіндердің қатары қалың. Нұрғали Жамбулов жаңалықты қабылдау керек, ол заман талабы деп отыр.

Нұрғали Жамбулов – М. Жұмабаев ауданының тұрғыны

– Осы “Меркурий” счетчигін алып, заман талабына байланысты қажет болғасын алып отырмын. Түнгі уақытта үнемді болғаннан кейін, 3 күнде дайын болды, соған өзім қуаныштымын.

Тұрғындар электр есептегіш құрылғысын орнату үшін Жамбыл көшесі “215А” мекен-жайында орналасқан “Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына” келіп өтініш білдіре алады.

 

Бакыт Садуакасов.