Құқық қорғау органдары

Жыл басынан бері облыста қос доңғалақды көліктердің қатысуымен 13 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Сайлаубек Мусин – СҚО ІІД ӘПБ басшысының орынбасары

– Күні кеше орын алған көлік апаты – мотоцикл иесінің қарапайым жолда-жүру ережелерін сақтамауының салдары. Бір адам қаза тапса, екіншісі дереу ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда сараптама жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша жол апатының нақты себептері анықталатын болады.

Барлығы жыл басынан бері облыс аумағындағы тас жолдарда мотоцикл және скутерлердің қатысуымен 13 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 3 адам мезгілсіз өмірмен қош айтысса, 14-і ауыр дене жарақаттарын алыпты.

Сайлаубек Мусин – СҚО ІІД ӘПБ басшысының орынбасары

– Соңғы уақытта мотокөліктердің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғаларының саны жиіліп кетті. Бұл ең біріншіден, мотоцикл жүргізушілерінің жылдамдықты шамадан тыс асырунан, екіншіден, арнайы қорғаныш бас киім кимеудің кесірінен орын алуда.

“Апат айтып келмейді”,- дегендей әкімшілік полиция мамандары мотокөлік тізгіндеген тұрғындарға жол қозғалысы кезінде аса сақ болуды ескертеді.

Бақыт Сәдуақасов.