Өнеркәсіп

“Фрегат” ЖШС “Алтын сапа” байқауына қатысады

Любовь Умрихина, «Фрегат» ЖШС технолог маманы

– Бұл кәсіпорын дамуына серпін қосады. Әрине, жеңуге үміттіміз. Бұл компанияны жаңа нарыққа шығарып, өндірісті кеңейтуге мүмкіндік береді.

“Алтын сапа” байқауына “Фрегаттан” өзге тағы жергілікті 29 кәсіпорын қатыспақшы.

Светлана Пленник – СҚО техникалық реттеу және метрология департаментінің бас маманы

– Байқауға қатысу үшін ең алдымен, сертификатталған сапа менеджменті жүйесі және әрине, соның нәтижесі болуы қажет. Биыл сайыстың жарлығына өзгерістер енгізілді. Байқауға енді жеке кәсіпкерлер де ат салыса алады.

Сондай-ақ, қосымша номинациялар жарияланып, жеңіпазға берілетін сыйақы көлемі ұлғайған. Шағын бизнестің дамуы ағымдағы жылдан бастап жеке категория бойынша бағаланбақ. Елбасының сыйақысы табысталатын “Алтын сапа” байқауының қорытындысы жыл соңында жарияланады. Жалпы, сапа менеджменті жүйесі өңірде 137 кәсіпорында енгізілсе, 37-сі “Алтын сапа” жобасына қатысқан.

Данаш Хамзина.