Құқық қорғау органдары

Президенттік көпсайыстан күзет мамандарының жарысы басталды

Абылай Жапаров – Қызылорда облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бөлім бастығы

– Осындай жарыстардың өткізілуін құптаймын.

Вадим Конюшевский де бүгін арнайы формасын жүзу киіміне алмастырып, аталмыш жарыстарда өңір намысын қорғап жатыр. Мұндай шаралардың, әсіресе, құқық қорғау органдарында қызмет атқаратындарға берері мол дейді ол.

Вадим Конюшевский- СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейі

– Ең алдымен, жарыстар спорттық қалпымызды жақсы кйде сақтауға көмектеседі. Екіншіден, ол дене шынықтыруды насихаттау болып табылады.

Жалпы сайыстарға еліміздің барлық облыстарынан 19 құрама қатысуда.

Азат Мұхамедин – СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бөлім бастығы

–  Әр командада 4 адамнан қатысуда. Жалпы қатысушылар саны – 95. Жүзуден өтіп жатқан жарыстарға 4 жас дәрежесі бойынша сайыскерлер іріктелді. Олар 30, 35, 40 ,45 жасқа дейінгілер.

Алдағы уақытта жарыс қатысушылары граната лақтыру, ату және 1000-3000 метр қашықтыққа жүгіруден бақтарын сынамақ. Жеңіске жеткендер республикалық жарыстарға жолдама алатын болады.

Магжан Ахмадина.